Home » Айдарлар » Ұлттық ойын (page 2)

Ұлттық ойын

Құсбегілік өнерімізді де өзгелер өңгеріп кете ме?..

«Аспан» атты сұңқарын қолынан түсірмей, үнемі оюлы бешпентпен жүретін Руслан Абыл құсбегілікті 11 жасынан бері сүйікті ісіне айналдырды. Тіпті таң мен кешті айырып болмайтын түнгі клубтағы диджейлік қызметі де оны қанатты «достарынан» алыстата алмады. Құсбегілік – ол үшін спорт, өнер, өмірдің ажырамас бөлшегі. Ұлттық спортты сақтап қалу үшін жанталасып жүрген Русланның әңгімесі түсінген жанға ой саларлықтай… «Словения, алақандай ғана Словения ...

Read More »

Ұлы ақын ұнатқан ұлттық ойын

Қазақтың ұлы ойшылы өз заманында ұлттық ойындардың дамуы мен жаңғыруына да мұрындық болған. Абайтанушылардың ойынша, Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуде оның ұлттық ойындардың дамуына жасаған қамқорлығы шет қалып келеді. Абай тоғызқұмалақ ойынын жақсы көрген және шебер ойыншылардың бірі болған. Және ел ішіндегі тоғызқұмалақшылардың бас қосып, сайысқа түсетін жері де Абай ауылы болған екен. Жаз — жайлауда, қыс – қыстауда тоғызқұмалақшылар ...

Read More »

Тоғызқұмалақ жарысында ұтатын – қазақтың зияткерлігі мен қазақтың мәдениеті

Әлихан БАЙМЕНОВ, Халықаралық және ҚР тоғызқұмалақ қауымдастығының төрағасы: – Бүгінде Олимпиада ойындары бағдарламасында көптеген елдің ұлттық ойындары бар. Өкінішке қарай, қазақтың бірде-бір ұлттық ойыны Олимпиада тұрмақ, Азия ойындары бағдарламасында жоқ. Біраз уақыт қазақ күресін халықаралық аренаға шығаруға талпынып жүрміз. Баз біреулер «қазақ күресінен гөрі, тоғызқұмалақты халықаралық аренаға шығару өтімді» деген пікірде. Тоғызқұмалақ қауымдастығының басшысы ретінде осыған не дер едіңіз? – Дүниежүзілік ...

Read More »

Ұлттық ойын — асыл мұра

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ...

Read More »

Бәйгенi байлар тартып алды

«Ат – ер қанаты» деп жеті қазынаның біріне балаған, «ат-аруақ» деп бір жүйрікті бүкіл ел, ауыл намысына санаған. Сондықтан ол жүйріктің егесі ат өзінің жеке меншігі болғанымен оны басқа жаққа сатуға құқы, қақысы болмаған. Ол – елдің аты, ел намысы сынға түсер айтулы аламанға бүкіл бір ру, бүкіл бір аймақ, өңір сол аттың тілеуін тілеп баратын болған. Бүкіл тілеулес ағайын ...

Read More »

Қазақ күресінің қайтсе қадірі артады?

1938 жылы колхозшылардың арасында қазақ күресінен республикалық спартакиада тұңғыш рет өтті. Содан бері талай мұз еріді. Жылдар жылжыды. Ата спортымыз бірталай кезеңді басынан өткерді. Даму жолы даңғыл болды дей алмаспыз. Дегенмен бүгінде әлем чемпионатын өткізетін жағдайға жетіп отырмыз. Қазақ күресі тарихымыздағы ер­тегі-аңыздарда кездесетін эпикалық батырлардың тұлғасынан бастау алатыны белгілі. Сонымен қатар күш атасы Қажымұқан, Балуан шолақ, Боранқұл, Битабар, Молдабай, Байғабыл ...

Read More »

Батыр Баукең ұлттық спортты бағалаған

Халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы – ұлттық спортымызды бағалаған нар тұлғаларымыздың бірі. Бауыржан Момышұлы 50-жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновқа хат жазады. Онда Баукең ел ішіндегі дәстүрлі көкпар, аударыспақ және т.б. ат ойындарын дамыту мәселесін көтереді. Соғыста қазақтың ұлттық ат спорты түрлерінің оң нәтиже бергеніне айрықша тоқталып өтеді. Баукең тіпті ұлттық ойындарды намыс көрінісі ретінде бағалап, оның тәрбиелік ...

Read More »

Ұлттық ойындар санаты

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының көптігі соншалық, оларды адамның жас ерекшеліктеріне қарай топтауға да болады екен. Мәселен, «тоғызқұмалақ», «хан дойбысы» секілді ойындар жас-кәріні талғамайтын болса, кейбір басқа ойындар тек әр жас өкілдеріне ғана тән. Балабақша бүлдіршіндеріне арналған ойын түрлері: «ұшты-ұшты», «қуырмаш», «сақина салу», «қуаласпақ» т.б. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «қасқыр қақпан», «қоян», «қырықаяқ», «сиқырлы таяқ», «соқыртеке», «мерген мен ...

Read More »

Басты проблема – фильм жоқ

Ұлттық ойындарымыз – ұлттық қасиеттеріміздің көзі. Бірақ осы ұлттық қасиеттеріміз ғарыш ғасыры мен компьютер дәуірінде аса жоғары деңгейде насихатталып жүрген жоқ сияқты. Бұл тұрғыдағы басты проблема – ел сүйіп көретін фильмнің (киноның) тым аздығы. Құлагер туралы фильм халық сүйіспеншілігіне айнала алмағандай. Құсбегілер мен атбегілердің ауыр еңбектері туралы фильм болса, шіркін! Түсіре білсек, ұлттық спорт түрлері айналасында да қызықты кинолар құрастыруға болады ...

Read More »