• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Ұлттық киім (page 2)

    Ұлттық киім

    Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек

    Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың ...

    Read More »

    Ұпайсыз қалған ұлттық киім

    Қазақ «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек» дейді. Осындайда әр қазақтың көркіне көрік қосқан ұлттық киімі есіңе оралады. Себебі, әлемдік аренада қазақтың жарасымды шапаны мен тымағы, бүрмелі көйлегі мен бөрігі бәсекеге қай қырынан алып қараса да төтеп бере алады.  Дегенмен күнделікті өмірде Фариза апамыз: «Заман жаңа, түр жаңа, киім жаңа, кінәлама ерсі деп мұнымды ана» деп жырлағандай, «ақжемденіп жыртылғалы тұрған» ...

    Read More »

    Сақина

    Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырылмайды. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина, не жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі «Сақинаны сәнге салмайды, ол-тазалық таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. Мұның өзі халықтың сақина ...

    Read More »

    Ою-өрнек ойға жетелейді

    Өркениетті Батыс елдерінің кейбір ғалым-зерттеушілері Шығыс халықтарының өнеріндегі ою-өрнек стилінің қалыптасуы хақында көп уақытқа дейін шаблондық ескі үрдісті ұстанып келді. Фзарре, Е.Херцфельд, А.Попе сияқты ғалымдар бұл стильдің қалыптасуына араб жаугершілігінің басты идеологиялық қаруы – Ислам дінінің Құдайдың және адамның суретін салуға тыйым салуы себепкер болды деп түсіндіреді. Бұл тұжырымның қателігі туралы әңгіме бөлек. Кейінгі кездері аталған тұжырымға қарсы пікірлер жиі ...

    Read More »

    «Ақ көйлек, қызыл камзол…»

    Теңін тапқан қыз бала жұптасқан өмірдің табалдырығын үлбіреген ақ көйлекпен аттайды. Көпшілік ұғымында әдемілік пен жарасымдылықтың, қуанышты мерекенің, ар мен жан тазалығының, жарқын болашақтың айғағы саналған үлбіреген ақ көйлектің қызықты тарихы тым тереңде жатыр. Ақ көйлектің тарихы әйел тағдырымен тамырлас. Әйел затының өзгеден ерекше көзге түсе киініп, ешкім қайталай алмас қымбат та сәнді киім киюге құмартатыны белгілі.Үйлену тойында байлығын, беделін ...

    Read More »

    Сымбат Мүталапханқызы, этнограф: Мың жарым жылдық тарихы бар балбалда қазақ әйелі кимешекпен тұр

    – Шүкір соңғы жылдары ұлттық киімге деген қызығушылық зор. Дегенмен ұлттық киім деп жүргендеріміздің көбі әсіре модернизацияланған дүниелер. Бұған қалай қарайсыз? – Бүгінгі күні жас сәнгерлер, шағын кәсіпкерлер ұсынып, қазақ ұлттық киімі деп атап жүрген дүниелер шыны керек көңіліме қонбайды. Жергілікті дизайнерлер батыстанып кеткен, ал осы саланы дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлердің көпшілігі Қытай Халық республикасынан, Моңғолиядан келген ағайындарымыз. Бір өкініштісі қанша дегенмен ...

    Read More »

    Баһаргүл Төлегенқызы: Шолпы мінез түзейді

    Соңғы кезде қазақ халқы ұлттық мұражайларда ғана тұру керек деген тоғышар түсінік те белен ала бастады. Көне бұйымдарды жинап қана қоймай, әртүрлі кәдесый бұйымдар өндірумен аты шыққан «Әдемі-ай plus» компаниясының президенті, ҚР мәденит қайраткері, этнограф, коллекционер Баһаргүл Төлегенқызын әңгімеге тартқан едік. –       Бұл күнде сізді жалпақ жұрт тынып-білді десек, артық айтқандық болмас. Өзіңіз жетекшілік ететін «Әдемі-ай» компаниясының алдыға қойған мақсат-мұраты нендей? ...

    Read More »

    Ою-өрнек – өрелі өнер

    Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқ ы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әрқайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда ...

    Read More »

    Сән беріп сәукелесі хас сұлуға…

    Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Тігілген матасы, ою-өрнегі мен ондағы әшекей тастарының өзі көп нәрседен хабар беріп, киім иесінің кім екенін елге танытып тұрады. Үлкен талғампаздықпен, әрі аса тапқырлықпен тігілген ұлттық киімдеріміздің бірі – сәукеле. Сәукеле – ұзатылар қыздың бас киімі. Қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін оны қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін ...

    Read More »