• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Әдебиет (page 2)

    Әдебиет

    Ғажап сыйлық

    Түрік классик жазушысы Рефик Халит Карай 1888 жылы Ыстамбұлда туған. Әкесі Мехмет Халит Бей қаланың атақты бас салықшысы болды. Бала Рефик Галатасарай Сұлтанисі мен Құқық мектебінде білім алды. Салық департаментінде қызметкер болып жұмыс істеді. ІІ-ші Мешрутият кезеңі басталғаннан кейін журналистикаға бет бұрып, “Тәржүманы Хакикат” газетінде аудармашы әрі шолушы болып қызмет атқарды. Жазған дүниелерін билік ұнатпай, әуелі Синопқа содан соң Чорум, ...

    Read More »

    Форманың порымы бөлек

    Кандемир КОНДУК 1945 жылы Ыстамбұлда туған. Едирне лицейін тәмамдаған соң жастайынан есеп-қисап, тоқыма, сауда-саттық, театр сынды салаларда жұмыс істеген. Шығармашылығын сатиралық әңгімелер жазудан бастаған. Көптеген комедиялық пьесалары театрларда сахналанған. “Махаббат өзгерді”, “Күлгін кезең оқиғалары”, “Жергілікті кино, поэтикалық сценарий”, “Форманың орны бөлек”, “Комедиялық мұң”, “Атақтының комедиялық күндері”, “Келдім, көрдім, көп күлдім”, “Сіздің арқаңызда”, “Артиз мектебі”, “Әйелдер тек қана күлу керек”, “Демалыс ...

    Read More »

    Тұлға (әңгіме)

    Сами Пашазаде СЕЗАИ (1860-1936) 1860 жылы Ыстамбұлда туған. Атақты “Сергүзешт” (Шытырманды оқиға) романының авторы. 1880 жылы ағасы Сүпхи Пашаның басқарып отырған қордың қызметкері болып жұмыс атқарады. Бір жылдан кейін Лондондағы елшілікте хатшылық қызметке кіріседі. Англияда қызмет етіп жүріп ағылшын және француз әдебиетімен танысады. Төрт жылдан кейін қайта Ыстамбұлға оралады. Ақылдасу алқалар палатасында қызметкер болып орналасады. “Сергүзешт” романын жазғаны үшін қудаланып, ...

    Read More »

    Бетке талас (сатира)

    Решат Нұри ГҮНТЕКИН, түрік жазушысы. Қырықтың қырқасындағы бай саудагер Халит Бей бөлменің бір бұ­рышында ойнап отырған баласына: – Жават, бері кел… Қарашы, саған бірдеме әкелдім, – дейді. – Ол не, папа? – деп баласы кергиді. Әкесі қолындағы шоколадты қалтасынан шығарып: – Міне, мынау… Тоқтай тұр, тегін емес, бетіңнен сүйгізбесең бермеймін… – Жақсы, папа… Мінекейіңіз, – деп, әкесінің тізесіне отыра қалып ...

    Read More »

    Пара (әңгіме)

    Өмәр Сейфеттин (түрік жазушысы) Жүзден астам новелла мен әңгімелердің, үш роман мен бір рисала жинағының авторы Өмәр Сейфеттин түрік әдебиетінің белгілі қаламгері және бір буынның ұлағатты ұстазы. Әдебиеттегі Түрікшілдік идеясын алып келген талантты жазушы. 1884 жылы дүниеге келген жазушы әскери мектептерде білім алып, 1903 жылдан бастап әскери қызметкер болып жұмысқа бастайды. 1906 жылы жандармерия мектебіне мұғалім болып тағайындалады. Жастарға білім ...

    Read More »

    Уланған ұры (әңгіме)

    Мұзаффар Изгү  (түрік cатиригі) 1933 жылы Аданада дүниеге келген. Бала кезінен мейрамханада, кинотеатрда қызмет еткен. Үш жылдық Иненөнү мектебінде, бір жылдық Газипаша мектебінде, үш жылдық Тепебағ мектебінде білім алған. Диярыбакыр мектебін тәмамдаған соң, Силван қаласында, Айдында және басқа да аудандарда түрік тілі мұғалімі болып қызмет еткен. 1979 жылдан зейнет демалысында. Алғашқы сатиралық әңгімелері “Ақ баба” журналында, “Хүрайдын” газетінде жарық көрген. ...

    Read More »

    Кейінгі кездесу (әңгіме)

    Кинотеатрдың алдында сағат екі жарымда кездесеміз деп келіскендей еді. Сағатқа қараса, үштен он бес минут кетіпті. Ихсан темекісін тастап, аяғымен мыжып тұрды. «Осы күнге дейін мені күткізбеуші еді ғой», деп ойлады. Таңертеңнен сіркіреп тұрған жауын басылар емес. Шаштараздың алдында қолшатыр ұстаған сатушы бұрынғыдай каштанды отқа пісіріп, ары-бері өткен кісілерге ұсынып, сатып тұр… Жас жігіт кинотеатрдың жоғарғы қабатынан баспалдақпен асықпай басып ...

    Read More »

    Виртуалдағы жауапсыз махаббат (әңгіме)

    Кеше кеш жатқан.  Соған қарамастан ерте тұрды. Бас жағындағы денесінің бір бөлшегіне айналып кеткен айфонын қолына алды. Түнде оның жазбасын лайктаған, инистаргамадағы суретіне “супер” -,деген коментарии қалдырды.  “Не істепті?, оқыдыма?”…..  Телефонын шұқылап оның парақшасын тауып алды. Ол әлі кірмепті. Е жарайды біраздан кейін кірер. Екеуі бір Университетте оқыса да бірін-бірі жыға танымайды. Таныстарының ішінде жүрген соң достаса салды. Кім бірінші ...

    Read More »

    Әбубәкір  Қайран. Жұдырықтай жүрегім жұлқынып тұр

                                                     Отан   Бұл ұғым – бөбек күлкісі, Жаңғырар көкке әуелеп. Құлпырып гүлдің түр-түсі, Балбырар бақтар мәуелеп.   Күлгенде сәби шалықтап, Мөлдіреп қарар аспан да. Биікте қыран қалықтап, Елжіреп тұрар тастар да.   Бұл ұғым – сүті ананың, Бақыттың басы, бұлағы. Құрғатпас тірлік танабын, Шаттықтың нәрі, жыр-әні.   Осында аңсар, арман да, Адамның ары ол бүтіндей. Атады бейбіт таңдар ...

    Read More »