• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Әдебиет

    Әдебиет

    Дархан Бейсенбекұлы. Ринг

    Ринг (әңгіме) І-раунд. Рингке көтеріліп келе жатып, көк бұрыштағы қарсыласыма ұрлана қарадым. Жоқ, бұрынғыдай емес. Денесінің шиыршық атып жинала түскендігі көзге бірден ұрып тұр. Буылтық-буылтық білегі, қоладан құйғандай тырсиып тұрған кеудесі залдың айқыш-ұйқыш жарығына еркін шомыла жалтылдап, адамның үрейін ұшыратын ерекше бір серпінмен жұлқынады. Резеңкелі арқаннан өте бере рингке шығар алдындағы жаттықтырушымның соңғы пысықтап айтқан сөзін есіме алдым. «Ал, арманың ...

    Read More »

    Көктемде құстар қайта ма?

    Әңгіме Сол оқиғаны есіме алсам, күні бүгінге дейін денем бөртіп тітіркенеді. Қанша ұмытайын десем де, әркез театрға барған сайын, сол оқиға еріксіз еске оралып, ескі елестердің жұрнағы көлбеңдеп көз алдыма келе береді. Бейне бір жадымда мәңгілікке орнығып алғандай, мәңгілікке маталып қалғандай мені өз құрсауынан босатпай, миымның бір бұрышында жасап, тағдырммен бірге келе жатқандай. Үшінші курстың көктемі болатын, Қостанайдан Тілеужан есімді ...

    Read More »

    Рухымды көріп тұрғанда, Руымды сұрап қайтесің?

    Өмірден ерте кеткен, аз жазса да саз жазған талант – Сағат Әбдуғалиев. Отыз алты жасында (1948-1984)  мына фәниді тәрк еткен ақын, соңына өлмес өлең қалдырды. Тағдыры ауыр Сағат ақынның бір топ көркем жырларын назарларыңызға ұсындық. Кіндік жұрт – Қазақстаным Тудырып пікір таласын, Жайым жоқ елді екшемек, Бөлмеймін қазақ даласын: Жетісу, Жайық, Көкше – деп.   Даңқтан дарқан дәулетім, Шабыттың шоғын ...

    Read More »

    Жоғары жақ портфель бөлісіп, төменгі жақ нан бөлісіп жатыр

    Жоғары жақ портфель бөлісіп, төменгі жақ нан бөлісіп жатыр. Қашанға дейін?.. ⠀ ⠀⠀ ⠀. * Жылағым келген. Жас таба алмадым. ⠀⠀ ⠀⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀⠀ ⠀ ⠀⠀ ⠀⠀⠀ ⠀⠀ * Ақша да адамды арақ сияқты мас қылады екен. Қазақстанда осындай «мастар» тым көбейіп кетті. Қолдарына түсіп қалудан біртүрлі қорқасың. ⠀ ⠀⠀ ⠀⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ...

    Read More »

    Көлеңке

    Мен оны алғашында байқаған да, білген де емеспін.  Өйткені мен ол кезде бала едім. Көрші – қолаң, әкемнің не істегеніне  көп көз салатынмын. Ақыл, сана, күшім жеткенше қайталауға тырысатынмын. Әсіресе, әкемше жөтелсем ел риза болып күлетін еді. Қолдары босай қалған кезде «Жұмаділ ата қайтеді», «Бәтіш апа қайтеді», «Мақаш аға не істеді» деп сұрап алып, менің аталған жандарды айнытпай салғанымды көріп, ...

    Read More »

    «Өгей баланың» мұңға оранған тағдыры

    Джеймс Гринвуд – әйгілі британдық жазушы, мамандығы – журналист. Қарапайым отбасынан шыққан Гринвуд бірнеше керемет туындыны дүниеге әкелген. Оның туындыларының арқасында Лондондағы газеттердің тираждары көбейе бастаған. Маған да, өзге оқырманға да ерекше әсер сыйлаған  Джеймс Гринвудтың «Өгей бала» туындысы жайлы айтқым келеді. Аты айтып тұрғандай әңгімеде үйсіз, күйсіз жетім баланың басынан өткерген қиын күндері туралы баяндалады. Басты кейіпкер Джим өгей ...

    Read More »

    “Алаш Орда” туралы романды оқыдыңыз ба?

    Жазушы Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ ХХ ғасырдың басында өркениет талабына сәйкес өмірге келген қазақтың жаңа тұрпатты ұлт-азаттық қозғалысы жайында көп уақыттан бері тарихи-танымды туындылар жазып келеді. Азаттық қозғалысының  туған шағынан шыққан шыңына – «Алаш-Орда» Халық Кеңесі құрылғанға дейінгі кезеңді қамтитын шығармаларының бірқатары қаламгердің «Рух-Сарай» атты танымды туындылар топтамасында жарияланды. Алаш-Орда тарихын әңгімелейтін «Мәңгі бастау» романы топтаманың 2010 жылы «Қазақпарат» баспасынан шыққан 4-ші ...

    Read More »

    «Алқоңыр дүниедегі» жұмбақ әлем

    ҚР мемлекеттік сыйлығына ұсынылған шығарма Қазақ поэзиясына өзіне тән баяу үнімен, ырғағымен, биязы қалпымен келіп қосылған Тыныштықбек Әбдікәкімов шығармашылығы тәуелсіздік кезеңінде ерекше қарқын алды. Содан бері зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Осы уақытқа дейін қара мен қызылдың, ақ пен сарының сарқыншағына айналған өлеңге халықтың тіршілік кеңістігінен тағы бір әуен, тағы бір тың ырғақ, тылсым дүние қосылды. Сөйтсек, ол ақынның өзі ...

    Read More »

    Момақан жігіттің ізімен

    Еуропа мәдениетіне сіңірген елеулі еңбегі үшін өнер адамдарына берілетін Треббиа сыйлығының иегері, әлемге танымал қаламгер Чинагийн Галсан – шығармаларын герман, монғол тілдерінде жазатын жазушы. Ұлты тува азамат қазақ тілін де жетік біледі. Туған жері Монғолияның Баян-Өлгий аймағы. Қазақтардың ортасында өскендіктен әрі өз ана тілінің (түркі-тува) қазақшаға тым жақындығы Галсанмен жүздескен әр қазақтың оны өзінің қандас бауыры іспетті танып, жақын тартатындығына ...

    Read More »