• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Дала даналығы (page 7)

    Дала даналығы

    Неше түрлі қонақ болады?

    Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып: – Е, Бөле! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? – депті.– Е-е, шырағым, сұра! – депті Бөлен. – Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе, бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп: «Мынау тағы келе жатыр ма?» – дейді. Бұл неткені? – депті Асау.– Ол – келіннің ырысы кеткені, ...

    Read More »

    Алған жарың жақсы болса

    Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті.  Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек: «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» – деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда, үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя беріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті: Жараңдар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап ...

    Read More »

    Бұқар жырау: Би жігітке жарасар…

    Биік тауға жарасар Ығынан тиген панасы. Терең сайға жарасар Тобылғылы саласы. Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы Би жігітке жарасар Халқына тиген пайдасы. Ақсақалға жарасар Тілеуқорлық айласы. Бәйбішеге жарасар Еміздіктен сабасы. Келіншекке жарасар Емшектегі баласы. Қыз он беске келгенде Шашынан көп жаласы. Бұл жалғанда бір жаман – Ағайынның аласы.  

    Read More »

    Хан табылар, қарашы табылмас

    Төртқара Бәймен бидің заманында Жансүгір деген бай болыпты. Екеуі Темірастаудағы бір қопаға даулы болыпты. Сол кезде Арыстан деген правитель (аға сұлтан) екен, соған айтыса барыпты. Жансүгір бай правительге параға тоғыз ақ нар беріпті, правитель пара берген байға төрелік бұйырып, жерді соған беруге билік істепті. Бәймен Жансүгірдің параға тоғыз ақ нар бергенін біліп қалып, правительге келіп былай депті: «Иә, төрем, сіз ...

    Read More »

    Төрт тентек

    Мөңке бидің бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып, ауылдың жанында асық ойнап жатқан бір топ балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітеді. Оған бай ашуланып, әлгі баланы қуалайды. Байдың мінгені асау байтал екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкіп жүргенде байдың басынан бөркі ұшып түседі. Байтал одан бетер тулап, байды жығып кетеді, бай қаза табады. ...

    Read More »