Home » Айдарлар » Асыл қазына

Асыл қазына

Көшпендінің ұрпағы аттың атын білмейді

Бір жерде арғымақты «тұлпар» деп беріпті. Жер шарында жылқының 250-ден астам түрі бар екен. Соның ішіндегі ең асыл тұқымдысы 7 түрге бөлінеді – пырақ, дүлдүл, сүйгүлік, күлік, тұлпар, арғымақ, қазанат болып. Біз қазір кезінде қазақ даласының сәні болған осылардан түгел айырылып қалдық. Репрессия, кәмпескелеу, азаматтық соғыс кезінде осының бәрінің көзін құртып, қалғанын етке өткізіп жіберген. Біздің қазіргі мініп жүргеніміздің бәрі ...

Read More »

Есімдер мақал-мәтелдерде

Қазақ халқының бүкіл тұрмыс-тіршілігі мақал -мәтелдерде көрініс тапқан. Оның ішінде адам есімдері аталатын мақал-мәтелдер баршылық. Бұндай мақал-мәтелдердің кейбіреулерінің қалай пайда болғаны туралы халық есінде түрлі аңыз-әңгімелер сақталған. Солардың бірі Есім хан туралы: «Еліне жақындағанда естіді, Тұрсын хан мұны алдап, қаңғытып жіберіп, Түркістанды шауып, талап, олжалап алып қойғанын. Мұны естіген соң, Есім жынданды дейді. Қасындағы жолдастарын өлтіре жаздапты. Байлап қояйық дегенде, ...

Read More »

“Тақиялы періште” фильміне 50 жыл

Тақиялы періштенің Айшасымен әңгіме Анығырағы, атақты режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмінде бас кейіпкер Тайлақтың қалыңдығы Айшаның рөлін кескіндеген Шолпан Алтайбаевамен сөйлесіп отырмыз. Актрисадан аталған кино төңірегінде көпшілікке белгісіз кейбір қалтарыс жәйттерді де сұрағымыз келеді.Айтпақшы, биыл осынау дүниенің түсірілгеніне елу жыл толды. ­ – Бұл киноны түсіру туралы ой алғаш қалай туды екен? – Әлдебір естелікте Халық артисі Каукен Кенжетаев ...

Read More »

Белгілі ғалым Аманқос Мектеп-тегімен кездесу қызықты болды

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық бірлестігі бірнеше кездесулер өткізді. Жақында Ұлттық Ұлан гвардиясының №75/52 әскери бөлімшесінде ғалым Аманқос Мектеппен кездесу өтті. Сарбаздар мен сардарлар бұл кездесуде қазақ тілінің, жазуының  тағдыры туралы ғалымның әңгімесін қызыға тыңдады. Аманқос Мектеп байырғы түркілердің жазуы туралы өз зерттеулерінің нәтижесімен бөлісті. Әр әріп таңбасының пайда болуының өзіндік құпиясы болғандығын өзі дайындаған кесте негізінде ...

Read More »

Қазақтың болашағын жақындатқан азамат

Өткен көктем менің есімде жылыған күнімен, жаңадан туып қаланы жасыл желекке ораған жапырақтарымен қатар Өзбекәлі ағаны еске алумен де есімде қалды. Алматының кітап дүкендерінің біріне кіріп сөрелерді қарап тұрғанмын. Бір кітаптың қырындағы «Рух сарбазы» деген жазуға көзім түсті. Бұл қандай кітап болды екен десем Өзбекәлі Жәнібекұлы туралы жазылған естеліктер мен мақалалар жинағы екен. Құрастырушы өзіміздің белгілі ғалым ағамыз Құлбек Ергөбек ...

Read More »

Тәңірді Абай және басқа да қазақ ақындары мойындаған

Құрметті бауырар! Соңғы кезде Тәңір туралы түрлі әңгімелер көптеп айтылуда.   Қазақтар кең далада өмір сүріп ешкімді бөліп-жармаған. Кейбір қазақтар  ата-бабаларының “Адаммен адам тең” деген деген ұлы көзқарасын неге ұмытып бара жатыр? Әлде сырттан келген белгісіз күштер әсер етіп жатыр ма? Кейбіреулер Жаратушыға сенуші адамның басқа сенімді ғайбаттауға құқы жоқ екенін ұмытып кеткен сыңайлы. “Дінде зорлық жоқ” деген Құранның Бақара ...

Read More »

Бесік құдалар деп кімдерді атайды?

Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ішінде өте бір ерекшелері және бүгінде қолданылмайтындары да бар. Ержеткен ұлды үйлендіру мен бойжеткен қызды тұрмысқа беру мақсатында жасалынатын «Құда түсу» атты белгілі әрі дәстүрлі салттың  бүгінде кейінде қалып, тек кітаптардан ғана оқып-білуге болатын бір түрі «Бесік құда» болу. Сондықтан бесік туралы қысқаша айта кетейін. Бесік нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек. Баланы бөлейтін бесік киелі, қасиетті саналады. ...

Read More »

Асанәлі Әшімұлының жас кезіндегі әзіл өлеңі

Атақты әнші Мұхит (шын есімі – Мұхамбеткерей – Б.О.) Мералыұлының немере інісі Шынтас Қаратайұлы 1913 жылы қазақ және орыс сөздерін араластырып шығарған әнді бүгіндері қазақтың бәрі біледі. Бұл әнді Шынтастың өзінен үйренген, Ғарифолла Құрманғалиұлы керемет шырқайтын. Кезінде «Дос-Мұқасан» тобының музыкалық өңдеуінде тағы бір рет кеңінен танымал болған «Он алты қыз» әнінде екі халықтың есімдері аталады. ОН АЛТЫ ҚЫЗ Астыма мінген ...

Read More »

«Абай туралы естеліктер» кітабы бес мың данамен жарық көрді

 Adebiportal.kz порталы жақсы жаңалық туралы жазды. Жақында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің асыл қорында сақталған қолжазбалардың негізінде «Абай туралы естеліктер» кітабы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында 5000 таралыммен жарық көрді. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған – жазушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің директоры Болат Жүнісбеков. Оқырмандар бұл кітаптан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың хәкім Абайдың ЮНЕСКО ...

Read More »