• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Алаш ұлдары

    Алаш ұлдары

    “Желтоқсан” ұйымы болмағанда шындық айтылмай қалар еді

    Біздің бүгінгі спикеріміз – желтоқсаншы Ерлан Әбдірашитұлы Декелбаев. Ол 1986 жылы инженер қызметін атқарған. Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін алты жылға сотталған. 1990 жылы КСРО депутаты М.Шахановтың Қазақ ССР Жоғарғы кеңес жанынан құрылған «Желтоқсан көтерілісіне түпкілікті баға беру» комиссиясының жұмысшы тобында, 1992-93 жылдары Қазақстан Республикасы халық-депутаты М.Шахановтың көмекшісі болған. «Аллажар» фильмінің авторы және коюшы-режиссері Қ.Әбеновтің шәкірті, режиссердің-көмекшісі қызметтерін атқарған. 1989 жылы құрылған «Желтоқсан» ұйымының мүшесі. -Ерлан ...

    Read More »

    “Алаш танымы” клубы Сәкен Сейфуллин мұражайына барды

    Бүгін Алаштың ардақтысы – сұңқар Сәкеннің дүние есігін ашқан күні. Осы атаулы күнге орай Еуразия ұлттық университетіне қарасты “Алаш танымы” зияткерлік клубы Сәкеннің ғұмырнамалық жолынан мағлұмат беретін Астана қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин мұражайына барып қайтты. Сәкеннің өмірі және мұражайдағы ақпараттар интернет желісінде бар болған соң одан басқа да дүниеледі айтқым келіп отыр. Кез-келген ақпаратты білу – білімнің ең төменгі деңгейі. ...

    Read More »

     «Оян, қазақ!» пен «Маса»: ұлттық идея үндестігі

    XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған  қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз. ...

    Read More »

    Жұмат Шаниннің немересі: Атама “Сталинді атып кетпек болдыңдар” деген жала жабылды

    Ⓒqamshy.kz 3 қыркүйек күні Академияда Қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің немересі Жанна Шанинамен еске алу кездесуі өтті. Аталмыш шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Тарихтан тағылым” жобасы негізінде ұйымдастырылды.  Биыл Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толды. Ⓒqamshy.kz «Біз сөз еткелі отырған менің атам Жұмат Шанин елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат ...

    Read More »

    “Зұлмат жылдар қасіреті” атты дөңгелек үстел өтті

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1933-33 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге арналған «Зұлмат жылдар қасіреті» атты дөңгелек үстел өткізді. Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының конференция залында өткен дөңгелек үстелге тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргінді көрген қайраткерлердің ұрпақтары және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысты. Іс-шарада Х.Әбжанов, А.Тоқтабай, Ә.Ғали, ...

    Read More »

    Күш атасы Қажымұқан ұшақ жасатуға қаражатты қайдан алды?

      1945 жылыдың 24 шілдесінде адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен Кеңес елінің астанасының орталық алаңында жеңіс шеруі болды. Алаңда жаяу әскермен қатар ауыр артилерия, танктер тағы басқа да көптеген әскери құрамалара қатар-қатар тізіліп өтіп жатты. Адамдардың қуанышында шек жоқ. Осы салтанат кезінде бейбітшілік орнаған алғашқы күндер аспанында небір қыран-ұшқыштар өздерінің ұшақтарымен ашық аспан төсінде қалықтасын деп іріктелді. Осы ...

    Read More »

    Мұхтар Әуезұлы – өмір иірімдері

    «Сіз «Абай жолын» оқыдыңыз ба? Оқымасаңыз онда ештеңе оқымапсыз!». Бұл неміс халқының жазушысы Альфред Курелланың жазушы Мұхтар Әуезовтің өзіне әрі оның туған еліне де берген бағасы. М.Әуезовтің шығармалары 116 тілге аударылған. Жазушы Ә.Әлімжанов Цейлонда болған кезінде Халықаралық бейбітшілік сыйлығының иегері, будда дінінің атақты тақуасы Сарананкара Тхероның мінәжат ететін бөлмесінде болғанда сабан төселген төсектің жанындағы тек діни кітаптар тұрған сөреде ағылшын ...

    Read More »

    Жат жерде жерленгендер

    Әлемде қазақ ұлты ұландарының табанының ізі қалмаған жер жоқ. Олардың бірі сонау алмағайып заманда туған елінен еріксіз жер аударылса, енді бірі тағдыр тәлкегімен өзге жерді қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан. Олардың біршамасына туған елдің топырағынан мәңгілік мекен табу жазбады. Алайда,  оларды ұмыту әсте мүмкін емес еді. Бүгін  біз  журнал  оқырмандарының  қызығушылығын  тудырар  деген ниетпен  журналист Ермек  Жұмахметұлының танымдық зерттеу еңбегін ...

    Read More »

    Генерал Сабыр Рақымов қалай қазақ болды?

     «Әсілхан Оспанұлы деген доцент Шымкентте    тұрады. Сол: «Мені атса атып жіберсін, басқалар күймесе мен күйемін, деп әлгі кісі жазды».       Құралай Натұллаева, генерал С.Рахымовтың жұбайы. «Қазығұрт қыраны» деректі фильмі.                                                                                                                                                  Бейбіт кезде де ерлік жасауға орын бар. Мен сіздерге осындай бір ерліктің тарихын баян етпекпін. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ұлы Отан соғысының Батыры генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін жұрттың бәрі ...

    Read More »