• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Алаш ұлдары

    Алаш ұлдары

    Мағжанның соңына шам алып түскен үш адам бар – Бақытжамал Қанарбаева

     Мағжантанушы Бақытжамал Қанарбаева  Altay news.kz басылымына сұхбат беріп, құнды мәліметтерімен бөліскен екен. Оқырмандарға толық мәтінін ұсынып отырмыз. Редакциямызға мағжантанушы жерлесіміз Бақыткамал Қанарбаева келіп кетті. Мағжан өлеңдерінің өршіл рухы етінен өтіп, сүйегіне сіңіп кеткен жан екен. Әр сөзі мірдің оғындай. Алғаш ұстатқан кім еді?   – Бақыткамал апай, сіз кеңестік жүйеде білім алған адамсыз. Мағжан ақынның есімін алғаш қашан естідіңіздер? – ...

    Read More »

    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой – Ербол Сыпатаев

    1986 жылғы желтоқсандағы қанды оқиғада құрбан болған қазақтың батыр азаматтарының бірі Ербол Сыпатаев жайында сақталған деректер. «Сырт киімдері жыртылып, иықтарына төгілген шаштары қобыраған қос бойжеткенді ығына алып қорғаштай шегінген Ербол бұларға құтырған итше ақырып жетіп келіп, онды-солды келтегін сермеген сауыттыны аяқтан шалып кұлатты да, қасындағыларға «тез қоршаудан шығалык» деп қолдарынан жетелеп, қарсыдағы көпқабатты үйлердің қалқасына қарай жүгірді. Бұлар қарулылар қоршауынан жүгіріп өтіп, тар ...

    Read More »

    “Желтоқсан” ұйымы болмағанда шындық айтылмай қалар еді

    Біздің бүгінгі спикеріміз – желтоқсаншы Ерлан Әбдірашитұлы Декелбаев. Ол 1986 жылы инженер қызметін атқарған. Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін алты жылға сотталған. 1990 жылы КСРО депутаты М.Шахановтың Қазақ ССР Жоғарғы кеңес жанынан құрылған «Желтоқсан көтерілісіне түпкілікті баға беру» комиссиясының жұмысшы тобында, 1992-93 жылдары Қазақстан Республикасы халық-депутаты М.Шахановтың көмекшісі болған. «Аллажар» фильмінің авторы және коюшы-режиссері Қ.Әбеновтің шәкірті, режиссердің-көмекшісі қызметтерін атқарған. 1989 жылы құрылған «Желтоқсан» ұйымының мүшесі. -Ерлан ...

    Read More »

    “Алаш танымы” клубы Сәкен Сейфуллин мұражайына барды

    Бүгін Алаштың ардақтысы – сұңқар Сәкеннің дүние есігін ашқан күні. Осы атаулы күнге орай Еуразия ұлттық университетіне қарасты “Алаш танымы” зияткерлік клубы Сәкеннің ғұмырнамалық жолынан мағлұмат беретін Астана қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин мұражайына барып қайтты. Сәкеннің өмірі және мұражайдағы ақпараттар интернет желісінде бар болған соң одан басқа да дүниеледі айтқым келіп отыр. Кез-келген ақпаратты білу – білімнің ең төменгі деңгейі. ...

    Read More »

     «Оян, қазақ!» пен «Маса»: ұлттық идея үндестігі

    XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған  қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз. ...

    Read More »

    Жұмат Шаниннің немересі: Атама “Сталинді атып кетпек болдыңдар” деген жала жабылды

    Ⓒqamshy.kz 3 қыркүйек күні Академияда Қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің немересі Жанна Шанинамен еске алу кездесуі өтті. Аталмыш шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Тарихтан тағылым” жобасы негізінде ұйымдастырылды.  Биыл Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толды. Ⓒqamshy.kz «Біз сөз еткелі отырған менің атам Жұмат Шанин елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат ...

    Read More »

    “Зұлмат жылдар қасіреті” атты дөңгелек үстел өтті

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1933-33 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге арналған «Зұлмат жылдар қасіреті» атты дөңгелек үстел өткізді. Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының конференция залында өткен дөңгелек үстелге тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргінді көрген қайраткерлердің ұрпақтары және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысты. Іс-шарада Х.Әбжанов, А.Тоқтабай, Ә.Ғали, ...

    Read More »

    Күш атасы Қажымұқан ұшақ жасатуға қаражатты қайдан алды?

      1945 жылыдың 24 шілдесінде адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен Кеңес елінің астанасының орталық алаңында жеңіс шеруі болды. Алаңда жаяу әскермен қатар ауыр артилерия, танктер тағы басқа да көптеген әскери құрамалара қатар-қатар тізіліп өтіп жатты. Адамдардың қуанышында шек жоқ. Осы салтанат кезінде бейбітшілік орнаған алғашқы күндер аспанында небір қыран-ұшқыштар өздерінің ұшақтарымен ашық аспан төсінде қалықтасын деп іріктелді. Осы ...

    Read More »

    Мұхтар Әуезұлы – өмір иірімдері

    «Сіз «Абай жолын» оқыдыңыз ба? Оқымасаңыз онда ештеңе оқымапсыз!». Бұл неміс халқының жазушысы Альфред Курелланың жазушы Мұхтар Әуезовтің өзіне әрі оның туған еліне де берген бағасы. М.Әуезовтің шығармалары 116 тілге аударылған. Жазушы Ә.Әлімжанов Цейлонда болған кезінде Халықаралық бейбітшілік сыйлығының иегері, будда дінінің атақты тақуасы Сарананкара Тхероның мінәжат ететін бөлмесінде болғанда сабан төселген төсектің жанындағы тек діни кітаптар тұрған сөреде ағылшын ...

    Read More »