Home » Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны

Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны

Қазақтың киіз үйі және оны дайындау, жасау барысы!

Ғылым техниканың ұшқан құстай дамыған осынау дәуірде Қазаққа тән ерекшелігіміз, ұлттық құндылығымыз салт, санамыз барған сайын алыстап ұмыт болып бара жатқандай сезіледі. Өзгелер Қазақты киіз туырлықты көшпелі Қазақ деп атап келген, олай болса сол ұмыт қалып бара жатқан ұлттық құндылығымызға қысқаша тоқталып кетейін.Тіпті мынау қаптаған қара түнек қоғамның ызыңымен, шуынан әбден мезі болғанымыз сонша, сол көне дәуірге көз жұмып кетіп ...

Read More »

Көне аспаптардың зерттелуі мен насихатталуының өзекті мәселелері

Қазақ халқының ең көне аспаптары қобыз бен домбыра қатар аталатын болса, солармен қоса өмір сүріп келе жатқан қазіргі таңда кәсіби музыканттар мен музыкатанушылардың қызығушылығын оятып жүрген, алғаш көріп, тыңдаған адамның ойында жұмбақ күйінде қалатын аспап жайында болмақ менің мақалам. Әрине, мақаланың өзі де әртүрлі стильде жазылады және оны жазып отырған жазушы ол жағынан хабардар болуы тиіс, бірақ мен жазушы да, ...

Read More »

«Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауы басталды

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында «Адырна» ұлттық порталында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауын жариялайды. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, дүние-танымдық ерекшеліктерін, тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау. Оларды өзге мәдени экспанциялар мен жат ағымдардан қорғау. Шарттары: Мақала қазақтың ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналуы тиіс; ...

Read More »

“Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны” мақалалар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Адырна» порталының Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырған «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауының қорытындысы анықталды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 30 дан аса мақала қатысты.  Тәуелсіз сарапшылар байқау шарттарын есепке ала отырып, бірінші кезекте авторлардың салт-дәстүріміздің мән-мазмұнын терең түсінуіне, нақтылыққа құрылған дерек-дәйектерді қолданып, ізденіспен мақала жазуына ерекше назар аударды. Жүлдегерлер төмендегідей: І-орын – Азамат Қасым ІІ-орын ...

Read More »

Қазақ дәстүрлерінің саяси және тарихи мәні

Адам пайда болғалы бері аман қалу, тамақ табу, ұрпақ жалғастыру мақсатымен  өміріне лайықты, қажет, пайдалы құралдар мен амалдарды ойлап тауып, қолданып, жетілдіріп, салт дәстүрге айналдырып  отырған. Солардың ішіндегі ең үздіктері талай мың жыл бойы сабақтастық арқасында сақталып, қолданып келген. Бізге жеткен құндылықтардың көбінің мәні түсініксіз сияқты болғандықтан қажетсіз болып көрінеді. Олардан бас тарту оңай сияқты. Жәй ырымдар, жәй әдет деп ...

Read More »

Құндылықты сақтау – қадірлі жол

«Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» Б.Момышұлы Ат үстінде күн көріп, толарсақтан қан кешіп, ауыздықпен су ішіп, талай-талай заманның ауыртпашылық атты жүгін арқалаған қара орман қазақтай халықтың ерте кезден сақталып, қазынасы бар үйдің санасында жатталып қалған салт-дәстүрі, ырым-тыйымдары, наным-сенімдері бар. Бұлардың барлығы біртұтас қауымдас ұлттың құдды жәдігері іспеттес. Ұлттық құндылықтар ұлтымыздың рухани жан дүниесінің байлығы мен барлығынан, табиғилығы ...

Read More »

Салт-дəстүр мен Ислам дінінің сабақтастығы

Ұлттық құндылық- белгілі бір ұлтқа тән , сол ұлттың даму, қалыптасу тарихында ғасырлар бойы мәнін жоймаған рухани және материалдық қасиеттер мен қажеттіліктер жиынтығы. Егер ұлт құндылығы болмаса, онда ұлтта жоғалады. Біздің қазақ болып жүргеніміздің өзі де ұлттық құндылығымыздың болуында. Қазақ мәдениетінің ұлттық құндылығының негізі- діни сана. Ол- Исламнан бастау алады. Діни сана- ұлттың болмысы, табиғаты, ерекшелігі. Ұлттың мәдениетіне үңіліп қарасақ, ...

Read More »

Комсомол тойын тойлауды алғаш болып көтерген Қуаныш Сұлтанов

2018 жылдың 4 сәуірінде «Комсомольская правда Казахстан» дейтін газет «Комсомольцы проведут форум в честь 100-летия организации» атты мақала жариялапты. Сәуірде ҚР Ұлттық ғылым академиясының филиософия және политология Институтында бұрынғы комсомолдар бас қосып, 100 жылдықты атап өту туралы ақылдасқан екен. Сол жиында ділі бөлек, діні жат басқа біреу емес, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің егде жастағы депутаты Қуаныш Сұлтанов сөз сөйлепті. Комсомолдың 100 жылдығын атап өту үшін ...

Read More »

Тіл бар жерде қазақ та бар. Тіл жоқ жерде қазақ та жоқ

Кешелі-бері әлеуметтік желіде «қазақ тілі ЮНЕСКО-ның жойылуы мүмкін тілдер қатарына қосылыпты» деген алып-қашпа әңгіме тарауда. Біз бұл ақпараттың қайдан шыққанын іздедік. Шынында солай ма? Анық-қанығын айтайық, ендеше. Ақпарат қайдан шықты? «Kazgazeta.kz» сайты «ЮНЕСКО-ға шағым» атты мақала жариялады. Аталған материалда қазақ тіліне қатысты жоғарыдағы жаңсақ деректі «wikipedia.org» дереккөзінің орыс тіліндегі нұсқасы көрсеткені айтылған. Айтпақшы, сайт бұл деректі Руслан Түсіпбеков дейтін азаматтың «Facebook» парақшасынан алып, орыс тілінен қазақ тіліне аударып ...

Read More »