Home » Жаңалықтар » Батуттан зардап шеккен үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

Батуттан зардап шеккен үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

№ 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов батут аударылып, зардап шеккен балалардың жағдайын айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бір баланы жансақтау бөлімінен травмотология бөліміне ауыстырдық, яғни екеуі профильдік бөлімшелерде. Үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Қазір ештеңе болжап айта алмаймын. Олар қаралып жатыр”, – деді бас дәрігер.

Досмаиловтың айтуынша, балалардың жағдайын білуге Астана әкімі Әсет Исекешев келген.  Еске салайық, оқиға 4 мамырда болған еді. Уәлиханов көшесіндегі “Жаннұр” сауда үйінің маңында батутты жел аударып кеткен болатын. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, батут шамамен 20 метрге дейін ұшып кеткен.

___________________________________________________________________________________________________________________

tengrinews.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Таразда Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады

Маусым айының төртінші жұлдызында Тараздық жастар Мемлекеттік рәміздер күні авто және мотошеру өткізді.  Олар Қазақстан ...