Home » Author Archives: admin (page 4)

Author Archives: admin

Таразда «Текті сөздің төресі – терме» облыстық байқауы өтті

Тараз қаласында «Текті сөздің төресі – терме» облыстық байқауы өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі. Тіл мәдениетін дамытып, дәстүрлі терме жанрын халыққа кеңінен насихаттауды ұран еткен байқауға сөз өнерін жетік меңгерген термешілер қатысып, сынға түсті. Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 11 үміткер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Үміттерін үкілеп келген термешілер ұлттың болмысын, елдің бірлігін, Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына ...

Read More »

Жамбылдың жастары жасампаз

Биылғы 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялануына байланысты Тараз қаласындағы ТарМу-де бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, ел тілегі, болашақтың тірегі жастар екені әстен шығармаған дұрыс. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша әртүрлі бағдарламалар жүзеге ...

Read More »

Мұхтар Шаханов. Бəрі ақшамен шешіліп жатыр.

Танымал ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов “Адырна” ұлттық бірлестігіне сұхбат беріп, қоғамдағы өткір мәселелер жөнінде пікірін ашық айтты.  Поэзия мен ақынның əлемдегі рөлі қандай бүгінгі таңда? Поэзия дегенге менің түсінігім басқа. Алдыңғы жылы менімен Англияда кездесу болды. Сонда бірқора ақындар, ғалымдар жазушылар қатысты. Сонда мен сойдым. “Сендер шындықтарыңды жоғалтып алғансыңдар!”-деп… Қазір барлық жерде солай туфлиді жақсы жалайды. Сонымен бəрі ...

Read More »

Митингіге шыққан 200 адамды басқа қалаларға апарып тастадық – Қожаев

Екі күннің ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 700-ге жуық адам ұсталған  Ішкі істер министрлігі митингілер кезінде ұсталған адамдарды басқа қалаларға не үшін апарып тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, 9 маусым күні Нұр-Сұлтанда ұсталған 500 адамның бір бөлігі айыппұл төлеуге міндеттелсе, енді біреулер қамауға алу сияқты әкімшілік жазаға тартылды. “Нұр-Сұлтан қаласының судьялары ...

Read More »

Алматы полициясы айтыскер Ринат Зайытов жайлы түсініктеме берді

Алматы қалалық полиция департаменті дүйсенбіде айтыс ақыны Ринат Зайытов ұсталғаннан кейін болған жайтқа байланысты түсініктеме берді. Полиция департаменті Facebook парақшасында жариялаған хабарламасындадүйсенбі күні кешке қарай Алатау ауданында рұқсат етілмеген митингіден ұсталып, полицияға жеткізілген Ринат Зайытовпен түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін оны үйіне қоя бергенін айтады. “Арада біраз уақыт өткенде полиция департаментінің алдына бір топ адам жиналып, Ринат Зайытовпен кездесуді талап етті. Оларға ...

Read More »

Марғұлан Сейсембай. Сайлау қалай өтті?

Достар, кеше ҚР президентiнiң сайлауы өттi. Мен көп жылдан берi сайлауларға жәй ғана күәгер ретiнде қатысып жүрдiм. Менiң/сiздердiң немқұрайлығым бiз негiзгi демократиялық құндылықтардан айырылғанымызға әкелiп соқты. Мен бұрын сайлаудың жалғандығы, әдiлетсiздiгi туралы көп еститiнмiн. Бiрақ менiң өзiмнiң оған көзiм жетпегендiктен, оған iшкi сенiмдiлiк болмағандықтан мен үндемедiм. Бұл жолы мен бәрiн өз көзiммен көрiп өз-өзiме ең маңызды сұраққа жауап тапқым келдi. ...

Read More »

Шу ауданында “Бейбіт күннің батыры” атты жиын өтті

Шу ауданына қарасты Төле би ауылдық округіндегі Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде “Бейбіт күннің батыры” атты мектеп түлегі Ерлан Тохтарбайұлы Райымқұловтың ерлігін насихаттау, азаматтығын үлгі ету, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында жиын болып өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі. Жиынға Шу ауданы әкімінің орынбасары Ә.Ә.Балқыбеков,Шу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Қ.К.Бексейітов тағы да басқа шақырылған қонақтар ...

Read More »

Тараздық тұрғындарға ыстық су қыркүйек айында беріледі

Тараз қаласында тұрғындарға ыстық су қыркүйек айында беріледі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, «Таразэнергоорталық» АҚ президенті Абуталип Серикбаев, «Таразтрансэнерго» МКК директорының м.а. Жақсылық Жогибаев, «Темір Жол-Жылу» МКК директоры Ғайни Исабеков қатысты. Спикерлердің сөзінше, Тараз қаласының жылумен қамтамасыз ететін ...

Read More »

ҚАЛИЛА ОМАРОВ. Біздің жастар өзге ұлттан өзін төмен сезінбеуі керек..

Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық Жамбыл атындағы  сыйлықтардың иегері, елуден астам режиссерлік жұмыстар жүргізген, кинорежиссер-оператор Қалила Нематұлы Омаров пен сұхбат. Кино әлеміне қалай келдіңіз?! Бала кезімнен кітап оқуды жаныма жалау еттім. Кітапты жата-жастанып оқығанның арқасында бармақтай ғана балақай болсам да әлемде болып жатқан мәселелерге түйін іздей бастадым. Сол оқыған кітаптарымның ішінен орыс классиктерінің әдебиеті қатты ұнайтын. Балалық ...

Read More »