• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Author Archives: admin (page 10)

    Author Archives: admin

    Түркия Қытайдан лагерьлерді жабуды талап етті

    Ресми Анкара Қытайдан Шыңжаңдағы “саяси тәрбиелеу орталықтарын” жабуды талап етті. Түркия сыртқы істер министрлігінің 9 ақпанда жариялаған мәлімдемесінде Шыңжаңдағы лагерьлерді “азаптау орталығы” деп атаған. Түркия сыртқы істер министрлігінің өкілі Хами Аксой “миллионнан астам ұйғыр азаптау орталықтарында қамалғаны қазір құпия емес. Қамауға алынбағандарға қысым көп. 21 ғасырда лагерь ашу, Қытай билігінің ұйғырларды қудалауы – адамзатқа жасалған қылмыс” деген. Түркия Шыңжаңдағы жағдайға ...

    Read More »

    МҰҚАҒАЛИДЫҢ ЖЕРЛЕСТЕРІ

    Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні Алматының Қаскелеңінде Амангелді Омаров деген ақсақал тұрады. Негізі Арқаның қазағы, Көкшетау жағының қанжығалысы. Бірақ бар ғұмыры Мұқағалидың ауылында, Қарасазда өткен. Амангелді ақсақал ағаш пен темірден түйін түйетін шебер және зергер. Оның үстіне қазақтың ескі әдісімен тері илеу, одан түрлі бұйымдар жасау, қайыс өруді қайтадан жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген кісі. Амангелді ағаның жұбайы ...

    Read More »

    Аналар тағы көшеге шықты

    Астанада ондаған ана Конгресс-холл алдына жиналып, әкімдікке талаптарын жеткізбек болды. Оларға қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аманшаев әр ана өзі тіркелген ауданның әкімдігіне барып, талаптарын жазып, арыз қалдыруға болатынын айтты. Конгресс-холл алдына жиналғандар 6 ақпанда Астанада жиын өткізіп, билікке талап айтқан аналарды қудаламауды сұрады. Жиынға келген ана Шолпан Каленгареева әлеуметтік желіге өз талаптарын айтып, видеоүндеу жариялаған соң үйіне ...

    Read More »

    Түркістан облысында бір отбасы иіс тиіп қаза тапты.

    Қайғылы оқиға 8 ақпанда Бесқұбыр ауылында болған. Улы газ саладрынан 1986 жылғы ер адам, 1993 жылғы әйел және 2015 жылғы және 2016 жылғы екі бала қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері төрт адамның қаза тапқанын тіркеген.  Оқиға жайлы газбен қамту ұйымына аудандық аурухана басшысы мәлімдеген. Мекен-жай бойынша келген мамандар, үйде түтін шығатын құбырдың бұзылғанын анықтаған.

    Read More »

    “Болашақтан” неге үміт жоқ?

    “Болашақты” бітіріп келген жастар неге бір теxнология ойлап таппайды деген пікірлер басым. 25 жыл болған бағдарламаға қояр xалықтың сұрағы да, күтері де көп. Орынды сындар да айтылады. Менің өзімнің жеке пікірім, АҚШ не Европада “Болашақпен” емес, сол шетелдің грантын ұтып алып, өз күшімен бітіріп келген жастардан көп нәрсе күтуге болады. Себебі, шетелдің мықты оқу орындарынан грант алу үшін не тума ...

    Read More »

    Ақтөбе, Алматы мен Қызылордада көп балалы аналар билікке талап қойды

    8 ақпанда Ақтөбе, Алматы мен Қызылорда қалаларында ондаған адам билікке балаға төленетін жәрдемақыны көбейту, көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету және өзге әлеуметтік проблемаларды шешуді талап етіп барды. Ақтөбеде қала әкімдігіне барған адамдарды әкімдіктің жауапты қызметкерлері қабылдады. — Әр балаға айына 20 мың теңгеден жәрдемақы төленсін, бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен және қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етсін, үш және ...

    Read More »

    Ақтөбелік Жандарбек Әбішев екі адамды құтқарып қалды

    Ақтөбе қаласында тұратын  түрме қызметкері Жандарбек Әбішев екі адамды құтқарып қалды. Құтқарушы келемін дегенше көрші үйдің иесі әйелі мен енесін пышақтап үлгеріпті. «Мектеп оқушысы өзі мен отбасына қауіп төніп тұрғанын айтып, көмек сұраған кезде әріптесіміз Жандарбек Әбішев әйеліне дереу полиция мен жедел жәрдем шақыруды тапсырып, өзі оқиға орнына барады. Әйелін ұрып-соғып, кейін пышақтаған көршісін көріп, бірден оның қолындағы суық қаруын ...

    Read More »

    Серікжан Біләштің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    «Атажұрт» еріктілер ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің үстінен қылмыстық кодекстің 174 бабы – «араздық қоздыру» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы bureau.kz хабарлап отыр. Қылмыстық істі қозғауға 18 адам қол қойған ұжымдық хат негіз болған. Әзірше Серікжан Біләшті бір рет тергеу амалдарына шақырған. Серікжан Біләш – Қытайдан Қазақстанға оралған этникалық қазақ. Оның “Атажұрт” қозғалысы (Алматыда орналасқан) Қазақстанға оралған қандастарымызға заңдық ...

    Read More »

    Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады – министр

    Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жастары айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде үш жылға созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюды ұсынамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемі 10-12 мың теңге болады”, – деді министр. Кәлетаевтың айтуынша, пәтерлер салынып жатқанда әкімдік ...

    Read More »