• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Author Archives: admin

    Author Archives: admin

    «МЕНІҢ ПІРІМ – СҮЙІНБАЙ» ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

    Айтыс өнері – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, халқымыздың асыл мұрасы.  Айтыстың асқақтауына, өлеңнің өрбуіне, тарихымыздың толығуына талай тамаша еңбектерін мұра еткен, айтыс  өнерінің алтын діңгегі – Сүйінбай Аронұлы екені баршамызға мәлім. Атақты Сүйінбай бір ғана Жамбыл емес, өзінен соңғы ақындардың бәріне  ұстаз. Ғасырға жуық тарихы бар, “ұстаздар ұстаханасы” болып  табылатын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұстаздықты  ұлықтау, ұлттық ...

    Read More »

    Қазақтар менің туған халқым

    Қазақстанның бірнеше қаласында, мысалы Астана, Алматы және Шымкентте Александр Викторович Затаевич атындағы көше бар. Үйлердің қабырғасында «Затаевич атындағы көше» деп жазылған тақтайшалар ілулі тұр. Көпшілік «Затаевич көшесі» деп қысқа қайыратын осы бір тұлға кім? Бұл сұрақтың жауабы оңай сияқты. Александр Викторович өткен ғасырда қазақтың әндері мен күйлерін жинап нотаға түсіріп, олардың сақталып қалуына үлкен еңбек сіңірген азамат. 1920 жылдың көктемінде ...

    Read More »

    “Қазақ хандығы. Алтын тақ” киносы көрерменге жол тартады

    Қазақфильм киностудиясының қоржыны тағы бір тарихи филіммен толықты. Дәлірек айтсақ, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының ізімен «Қазақ хандығы. Алтын тақ» кинотуындысын әзірледі. «Қазақ хандығының»   ізін ала шығарылған  бұл фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашев. Ал продюссері – Арман Асенов. XV ғасырдағы тарихи оқиғалардың сөз тізбегін (диалог) жасаған белгілі өнертанушы Ерлан Төлеутай.  Көп сериялы кинотуынды Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Қоюшы-режиссер Рүстем ...

    Read More »

    Грузия мектептеріндегі қытай тілі : Қытай ықпалы Орта Азиядан Кавказға қарай кеңейді

    Қытайдың Грузиядағы ықпалы артуда. Фото: Young Diplomats. Барған сайын арта түскен Қытайдың саяси, экономикалық ықпалына ең алдымен Орталық Азия елдері тап болды. Себебі, Қытайдың шығыс және оңтүстік-шығысындағы мемлекеттердің экономикалық салмағы пост-кеңестік Орта Азия елдерімен салыстырғанда басым болды. Жапония, Корея, Тайвань, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам, Сингапур қатарлы елдер Қытай ықпалының шығысқа және оңтүстік шығыс, оңтүстік бағытта ұлғайуына табиғи бөгет ретінде ...

    Read More »

    Президент Назарбаев судья Мәлік Кенжалиевті қызметінен босатты

    Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжалиев. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін жұмыстан заңсыз қуылғаны туралы мәлімдеген Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжалиевті қызметінен босатқан. Бұл туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрманова Азаттық тілшісіне растады. Назарбаев 20 ақпанда қол қойған жарлықта Кенжалиевтің қызметінен өз өтініші бойынша босатылып, судья өкілеті тоқтатылғаны жазылған. Бұған қоса жарлықта Өскемендегі ...

    Read More »

    Енді теңгеге тек қазақ тілінде мәтін жазылады

    Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген. “Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы” № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет ...

    Read More »

    Илон Маск сенсациялық мәлімдеме жасады

    Илон Маск шын мәнінде сенсациялық мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қазір Tesla электромобильдерін өндіруге арналған барлық патенттері қоғам игілігі үшін ашық, баршаға қолжетімді болады және оның бұл амалы әлем климатының өзгеруімен байланысты күресте іс жүзіндегі көмегі ретінде атап өтті. Егер барлық, не кез келген адам осы технологияны өзінің мақсатына сай пайдаланғысы келсе, Маск оларға ешқандай патенттік шағым бермейді. Бұл аса құрметтеуге ...

    Read More »

    Еркебұлан Сейдахмет “Уфадан” кетеді

    Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет Уфадан кетеді. Футболист  жанкүйердің сұрағына жауап бергенде: «Мен басқа клубқа барамын, сондықтан қазір ойнап жүрген жоқпын», – деп жауап берді. Артынша, “ертең не болатынын білмеймін. Мүмкін Қазақстан Премьер-Лигасына оралатын шығармын” деген жазба қалдырды. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында алматылық «Қайрат» Сейдахметті сатып алуды жоспарлағаны жайлы ақпарат тараған болатын. “Қайрат” футбол клубының  ...

    Read More »