Home » Жаңалықтар » Алматыны бомбамен қорқытып жүрген кім?

Алматыны бомбамен қорқытып жүрген кім?

Алматыда жарылғыш зат туралы хабарламадан соң “Нұрлы Тау” бизнес орталығындағы адамдар эвакуацияланды деп хабарлайды NUR.KZ.
Редакцияға куәгерлер жіберген видеода адамдардың ғимарат ішінен шығып жатқанын байқауға болады. Оқиға орнында арнайы техника жұмыс істеуде.

Алматы Полиция департаментінің дерегі бойынша, полицияға жарылғыш зат туралы хабарлама келіп түскен.

“Аталған нысан бойынша тексеру шаралары аяқталды, құрылғы туралы ақпарат расталған жоқ”, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бүгін полицияға “Esentai Mall” ғимаратында да жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама түскен.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Таразда Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады

Маусым айының төртінші жұлдызында Тараздық жастар Мемлекеттік рәміздер күні авто және мотошеру өткізді.  Олар Қазақстан ...