Home » Айдарлар » Адырнама » Алматыда «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Алматыда «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27 мамыр күні Ғылым ордасында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Айта кетейік жиын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысымен «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында қолға алынып отыр. 

Дөңгелек үстелді «Адырна» ұлттық-этнографиялық    бірлестігінің басшысы Арман Әубәкір ашып, келген қонақтарды таныстырды. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұратов Серік «Ұлт қорғаны – ұлттық құндылықтар» тақырыбында, ҚазБСҚА-ның ассистенті, профессор Мейірманов Аманжол «Діни бірегейлік және рухани құндылықтар үндестігі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Ғалымжан Дүйсен мен Бердалы Оспан, Ерлан Төлеутай есімді этнографтар ортаға шығып сөз алды. Дөңгелек үстелде студенттер мен қонақтар еркін пікір алмасып, жастар да өз ойларын ортаға салды.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Тағылымды кездесу, толғамды ойлар

Алматыдағы С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында «Зұлмат жылдар қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға 70-ке ...