Жарты ғасырлық музыка мектебінің мерейтойы өтті

0
229

Биыл Р.Глиэр атындағы №2 балар музыка мектебіне 50 жыл толып отыр. Жуырда осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің қанатын қатайтқан оқу ордасы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында өзінің 50 жылдығына байланысты, шәкірттерінің шығармашылық кешін өткізді. Оқушылар қазақтың домбыра, сазсырнай, қобыз, дауылпаз, жетіген, шертер сияқты ұлттық аспаптармен қатар фортопиана, саксафон сынды аспаптардың құлағында ойнайтынын көрсетті.

Нұргүл Әкімғожина, Р.Глиэр атындағы музыка мектебінің ұстазы, «Арнау» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі:

— Бүгін бізде үлкен мерейтой. Сондықтан осы тойға сый ретінде мектебіміздің ұстаздары өздерінің шәкірттерін әкеліп, өнерлерін көрсетіп жатыр. Біз де өзіміздің жаңадан құрылған оркестрмен өнер көрсеттік. Одан басқа да ұлттық аспаптарды (көне аспаптарды) үйрету арқылы 2009 жылдан бастап кішкентай балалардан «Арнау» деп аталатын этно-фольклорлық ансамбль құрған болатынбыз. Сол фольклорлық ансамбліміз де әр жанрда өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, төкпе күй, шерпе күй, күй шашулар ойнады. Қазақстан бойынша тұңғыш үш ішекті домбыра ансамблін құрған осы «Арнау» этно-фольклорлық ансамблі екендігін ескерте кетейін. Шәкірттерім Абай, Шәкәрім, Шәкір Әбенұлы, Шарқын Шәкәрім аталарының ұстаған домбырасын фольклорға қосып жақсы өнер көрсетті. Тағы бір айта кететін жайт, «Тұран» ансамблінің «Қазақ Елі» шығармасын орындады.

glier-3

glier-1glier-2

glier-4


Гүлвира АСҚАРҚЫЗЫ,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өнер және мәдениет факультетінің 1-курс студенті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ