• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Журналистика факультеті агрожурналистика саласын дамытуды қолға алды

    Журналистика факультеті агрожурналистика саласын дамытуды қолға алды

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде тұңғыш рет ауыл шаруашылы саласы бойынша дәріс оқылды.  Дәрісті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының директоры Кикебаев Нәбиолла жүргізді. 

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті соңғы 4-5 жылда шәкірттеріне дәстүрлі мамандықтармен қатар, замануи мамандықтарды да үйретіп келе жатыр. Оған Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының жұмыс істеп келе жатқаны мысал бола алады. Елімізде журналистерді даярлайтын оқу орындарында аталған кафедраның баламасы жоқ. Факультет деканы С.Медеубекұлы шәкірттерінің жан-жақты білім алуы үшін мүмкін болған барлық жағдайды жасап келеді. Соның бір айқын мысалы ретінде Н.Кикебаевты  қара шаңыраққа дәріс оқуға әкелгенін айтуға болады.

    Н.Кикебаев еліміздің ауыл шаруашылығына баса мән беріліп келе жатқанын айтып, ауыл шаруашылығының бір саласы жылқы шаруашылығы туралы әңгімелеп берді. Студенттер дәрісті қызыға тыңдай келе көптеген сұрақтар қойып, оған тұщымды жауап алды. Алдағы уақытта бұл дәрістің жалғасы болатыны айтылды.


    Жасұлан Наурызәлі

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...