• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Жезқазғанда «Ұлытау үні» фестивалі басталды

    Жезқазғанда «Ұлытау үні» фестивалі басталды

    Бүгін Жезқазған қаласында халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің «Ұлытау үні» ХХҮІІІ аймақтық фестивалі басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

    Фестивальдің ашылу салтанатына Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

    – «Ұлытау үні» фестивалі – талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын жаққан өнер бәйгесі. Дәстүрлі түрде өтетін фестивал аймағымыздың рухани өмірінде айрықша орын иеленеді. Жезқазған-Ұлытау аймағының басты өнер фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, – деді З. Ақылбекова өзінің құттықтау сөзінде.

    Фестиваль аясында «Ару қалам – Астанам» атты қолөнер шеберлерінің көрме байқауы, ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған күйшілер сайысы, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мағжаннан қалған маржан жыр» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, Мәдениет қайреткері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Мөрлібек Мұратбаевты еске алуға арналған «Жылдар мен жолдар» кеші, «Жұлдыз – 2018» аймақтық ән байқауы өнер сүйер қауымға қуаныш сыйламақ.

    Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған өнер мерекесі 22-24 ақпан аралығында өтеді.


    «Қамшы» сілтейді

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...