Бокс бапкері Ерік Алғабек Facebook парақшасында жас Геннадий Головкиннің жаттығуы кезінде түсірілген мұрағаттық видеоны жариялады

 

Видеоролик 2001 жылы түсірілген.

“Барлық жерде Санчес, Санчес деп жазылады, шын мәнінде барлық жұмыс мына жерде жасалған, Қазақстанда, Ғалым Кенжебаевпен”, – деп жазды Алғабек видеоның астына. Еске сала кетейік, Ғалым Кенжебаев – Головкиннің ең алғашқы бапкерлерінің бірі.

Видеодан болашақ әлем чемпионының Әлия Молдағұлова атындағы қарағандылық спорт мектеп-интернатындағы топтың құрамында жаттығып жүргенін көруге болады.


kaz.vesti.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ