2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жаһандық жаңғырудағы қазақстандық бағыттар мен жолдар» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында 2018 жылғы 10 қаңтардағы Президент Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауы талқыланды.

Қатысушылардың барлығы да Президент жолдауы туралы пікір білдіріп, әр бағытына жеке-жеке тоқталып, жіліктей айтты. «Қазіргі жаһандану кезінде қазақстандықтар үшін жаңа технологиялардың тілін меңгеру, сандық технологияны енгізу – басты бағыт болып табылады. Президент жолдауында қазақстандық индустрияландыру, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту мен цифрландыруға да ерекше көңіл бөлді. Әлеуметтік сала мен адами капиталды дамыту жолдары да назардан тыс қалмады. Жолдауда  Президент еліміздің өткен жылғы жеткен жетістіктерін де атап өтті. Сол жетістіктерге Ұлттық музейдің де қосқан үлесі бар деп айтуға болады», – деді Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатубалдин.

D4S 8583

 

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Заманауи зерттеу институтының директоры – Сыдықназаров Мұхит-Ардагер жолдауда айтылған нақты салаларды индустрияландыру талаптарына бейімдеу бағытына назар аударып, халықтың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды. Мемлекеттік қызметкерлердің смартфон қолдануына тыйым салу адамның мүмкіндіктерін шектеу болып табылады деген де пікір айтты Мұхит-Ардагер мырза.

Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жолдауы ерекше сипатқа ие. Цифрландыру, сандық технологияларды барлық салаға ендіру жолдаудың басты бағыты болып табылады. Сонымен қатар Президент жолдауында қазақстандық индустрияны, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту мен цифрландыруға да көп көңіл бөлген. Әлеуметтік сала жәнеадами капиталды дамыту жолдары да жолдауда ерекше атап өтілген бағыттар болып отыр.


nationalmuseum.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ