• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Жұмыс жасайтын әр қазақстандық баспаналы бола алады — Нұрсұлтан Назарбаев

    Жұмыс жасайтын әр қазақстандық баспаналы бола алады — Нұрсұлтан Назарбаев

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрбір жұмыс жасаушы азамат пәтер ала алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    Астана қаласынның «Бейбітшілік және келісім» сарайында Президент төрағалығымен XXVI халықтар ассамблеясының XXVI сессияcы өтіп жатыр. Өз сөзінде елбасы бұрын жарияланған «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасының кей жете сұрақтарына тоқталды.  Соның бірі — қол жетімді баспана.

    «Алғашқы бастама баспанасы жоқ азаматтарға үй алуға болатын жаңа мүмкіндіктер береді. Қолжетімді баспана алуға болатын несиелердің кей мәселелерін шешіп отыр. Біз барлығымыз баспана маңыздылығын білеміз.Сондықтан да бұл мәселені бірінші орынға қойып отырмын. Маңыздысы сол, әр жұмыс жасайтын қазақстандық жаңа несие шарттарымен баспанаға қол жеткізе алады. Біз бәрін санап шықтық. Бір үйден екі адам жұмыс жасайтын бір отбасы үшін 50-60 шаршы метрлік 2 бөлмелі үй несие бойынша  отбасылық бюджетке ауырлық туғызбайды. Алғашқы салым 20 пайыздан аспайтындықтан, салымшылар 25 жыл көлемінде арзан несие төлеуге мүмкіндігі бар.Бұл отандастарымыздың алғашқы миллионы. Әсіресе, жаңадан жұмысқа орналасқан жастар мен жас отбасылар осы бағдарламамен баспаналы бола алады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    ________________________________________________________________________________________________________

    Tengrinews.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...