• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Йылмаз КЕСЕН : 21- 24 қараша өтетін МУСИАД ЭКСПО көрмесіне барша Қазақстандық кәсіпкерлерді шақырамыз

    Йылмаз КЕСЕН : 21- 24 қараша өтетін МУСИАД ЭКСПО көрмесіне барша Қазақстандық кәсіпкерлерді шақырамыз

    АЛМАТЫ  16-тамыз күні  Түркияның тәуелсіз кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілерінің бірлестігі- МУСИАД тың Қазақстандағы өкілдері Түркі Тілдес журналисттер қорының  журналистермен кездесті.  «МУСИАД» деген не, алдымен аздаған анықтама бере кетсек. 1990 жылы Түркия да құрылып, бүгінде 74 елге қанатын жайған (ішінде Қазақстан да бар) әлемдік деңгейдегі танымал жаһандық кәсіпкерлер бірлестігі болып саналады, МУСИАД та кәсіпкерлікпен қатар, қоғамдық-әлеуметтік бағытта: ағарту, сервистік, консалтингтік салаларды да қамтыған.  Бүгінде Қазақстандағы жоғары класс деңгейіндегі қонақ үйлердің басым бөлігі түрік кәсіпкерлерінің қолдауымен көтерілгені белгілі. Тек қонақ үй емес,  азық-түлік секторында,  дәрі мен химия өнекәсібінде құрлыс пен жабыдықтау фирмаларында да түрік кәсіпкерлері жүр.  Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек 2017 жылдың мәліметі бойынша Қазақстандағы мердігер түрік фирмаларының жалпы құны 21 милиард доллардан асқан.  Ал Қазақстаннан Түркияға жасалған инвестициялар 700 милион долларды құраған. Бұл екі ел арасындағы сауда-саттық, жалпы өнеркәсіптік сала бойынша үлкен көрсеткіш. «Екі ел басшысы Н. Назарбаев пен Р. Т. Ердоғанның кездесу барысындағы айтқан межесі 5 милиард долларға дейін  жеткізу» дейді кездесу барысында МУСИАД тың Қазақстандағы өкілі Йылмаз Кесен мырза.

    «МУСИАД та 60 000 кәсіпорын тірікелген, 1600  000 адамды жұмыспен қамтып отыр,  17 милардтық экспорттық ауқыммен Түркия экономикасының 18 пайызын құрайды.  Қазақстанмен бірлесе жұмыс жасауды биылдан қолға алдық,  биылғы жылы 17 рет  өткізілмекші МУСИАД ЭКСПО көрмемізде биылғы жылы Қазақстан кәсіпкерлерін ұйымдастырып апару бізге жүктеліп отыр»- дейді Йылмаз бей.

    Бұдан бұрындары өткен көрмелерге жекелеген кәсіпкерлер барса биылғы жылы МУСИАДтың өкілдері ұйымдастырып апаратын болғандықтан зор мүмкіндіктер туып отыр. Атап айтқанда әлемдегі үздік компаниялар мен көшбасшыларын анықтау, орта және шағын бизнесті нығайтып олардың өркендеуіне жол ашу. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналатын болғандықтан өз бизнесін әлемдік  нарыққа шығарсам дейтін жандарға таптырмас сәт болайын деп тұр.  Қараша айының 21-24 де Стамбұл қаласында өткізілетін  ЭКСПО көрмесінде мыналарға жеңілдік жасамақшы, атап айтқанда  150 жуық кәсіпкерлердің Түркия еліндегі қонақ үйі аздаған шығындары МУСИАД бірлестігінің мойнында. Ал ұшақ билетін әр кәсіпкер өзі алады. Сондай ақ МУСИАДтың тікелей ұйымдастыруымен көрме кезінде қорғаныс пен аэроөнеркәсіп саласын дамытуға арналған MÜSİAD HIGH-TECH PORT көрмесі мен  «22-ші Халықаралық іскерлік форумы» ұйымдастырылады.  Қазақстандағы кәсіпкерлерді қолдайтын палата «АТАМЕКЕН»  де МУСИАДты қолдап бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін қуана жеткізді.  Өз кезегінде Түркі тілдес журналисттер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы да ел экономикасына зор үлес қосып жүрген екі ел арасындағы келісімдердің маңызы жоғарылылығын, осыдан бұрын да тауар өндіретін басқа да кәсіпкерлер Түркі тілдес журналисттер қорының ұйымдастыруымен халықаралық көрмелерге барып жүргендігін тілге тиек етті.

    Аида КОЖМАМБЕТОВА

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Защитницу хакасской культуры обвинили в экстремизме

    Суд в Абакане рассмотрит уголовное дело в отношении жительницы Хакасии. Женщина разместила на личной странице ...