Басты бет » Жаңалықтар » Қытайда «Үкілі домбыра» күй жарысы өтті

Қытайда «Үкілі домбыра» күй жарысы өтті

Жаңа жыл қарсаңында Бейжің шет тілдер университетінің мәдениет залын күмбірлеген домбыра үні тербетті. Шараға қос ішекті аспапты шерте алатын кез келген студентке қатысуға мүмкіндік берілді. Талап бойынша, өнерпаздар алдымен күйдің шығу тарихын баяндап, содан кейін шығарманы орындады.

«Бұл көркем әдеби сөз саптауға септігін тигізеді», – дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар жастар арасында өнерлі түрлі музыкалық аспаптарды шертетін таланттар көп.

«Мақсат сол дарын иелерін сахнаға шығарып, ұлттық дәстүрімізді дәріптегіміз келді», – дейді шараны өткізген Бейжің қазақ жастары бірлестігі.

Мерекелік шараға қонақ ретінде қытайлық музыка аспабында ойнайтын өнерпаздар да қатысты.

Айбек Көркемұлы, Бейжің почта және телекоммуникация университетінің студенті:

Күмбірлеген домбыраның қоңыр күйіменен 2018-дің қақпасын ашып, тіпті де бір тамаша өзімізге тиесілі бір жылды қарсы алу үшін осындай шара орналастырдық. Күй шерте алатын күйшілерге осындай сахна жаратып беріп, соларды сахнаға баулу, тіпті де жоғары деңгейге көтеру үшін осындай шағын қимылмен қамдап отырмыз, – деді ол.


Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

x

Check Also

Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді

Қазақстанда енді шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан ...