• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Ғылым комитетінде жаңа төраға

    Ғылым комитетінде жаңа төраға

    ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болып Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Ғылым комитетінің баспасөз қызметі.

    Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов 1958 жылы Қызылорда облысы Қызылорда қаласында туған. Биология ғылымының докторы (1997), Халықаралық ақпарат академиясы (1998), Қазақстан Республикасының жоғары мектебі және Халықаралық Жоғары мектебі ғылыми академиясының академигі (2002).

    Қазақстан Білім беру ісінің үздігі. Қызылорда педагогикалық институтын (1979, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) және КСРО Ғылым Акедемиясының Биофизика институтының аспирантурасын (1986) бітірген.

    Қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетінде декан, проректор және Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры қызметтерін (1986-1998) атқарған.

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінде департамент директоры (1998). Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы (2004-2007).

    2007 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарды.  2010 жылы Мемлекет басшысының Өкімімен Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

    2012 жылдан бері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін атқарып келді.  Әбдірәсілов 40-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.


    «Адырна.» кз

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...