• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » «Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары»

    «Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары»

    Қазақ мемлекеттік циркінде «Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары»  атты жаңа қойылым ел назарына ұсыныла бастады.  Алғашқы қойылымға түрлі ақпарат құралдары шақырылып, цирк ұжымы баспасөз мәслихатын өткізді. 

    Сіздерді Қазақ циркі 2017 жылдың 18 желтоқсаны мен 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында «Цирктегі жа ңа жыл ғажайыптары» атты тамаша бағдарламасына шақырады.

    Алып трансформерлар, сиқырлы пони Пинки Пай мен Радуга, батыл Моана, Аяз ата мен Ақшақар тәрізді кейіпкерлер ертегінің басты қаһармандары бар қойылым балаларға үлкен қуаныш сыйлағалы отыр.

    Бұл – бірегей, оқиға желісін болжап болмайтын, цирк өнеріндегі барлық жанрларын біріктіретін цирк қойылымдық ертегісі. Жаңа жылдық шоуға әлемдік цирк артистері, көңілді клоундар, үйретілген аюлар, иттер, түйелер, жылқылар және понилар қатысады.

    Ұмытылмас сиқырлы жаңа жылдық саяхатты кәсіби сценаристер мен қоюшы-режисерлар, композиторлар мен суретші-модельерлер, хоеографтар мен балетмейстерлар, дыбыс және жарық режиссерлері дайындаған болатын. Мұнда сонымен қатар кәсіби артистер мен үйретілген жануарлар бір ай көлемінде өнер көрсетеді.

    Артистердің өнерін фантастикалық лазерлік арнайы әсерлермен, кәсіби сахналық жарық пен дыбыс, түрлендірген LED экрандағы бейнелеумен қамтамасыздандырылған.

    Қойылым әр қилы жастағы көрермендерге арналады. Бұл жылдағыдан да ұмытылмас жаңа жылдық мереке болмақшы! Қойылымның ұзақтығы – 2 сағ. 30 минут үзіліспен.

    Бақыт БӨКЕБАЕВ, Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік циркінің директоры: 

    – Қазақ мемлекеттік циркі биылғы жаңа жылға ерекше дайындалды. Суретшілерге жанжануарлардың, ертегі қаһармандарының киімдер тіктіріп, кейіпкерлерді түрлендіріп, қиял-ғажайып әлемнің сан алуан сиқырын көрсетуге тырыстық. Цирктің өнер ұжымы барынша өз деңгейінде еңбектенді. Оларға деген алғысым шексіз. Бұл қойылым алматылық және Алматы қаласы қонақтарының көңілінен шығады ғой деп ойлаймын. Шоу үлгісіндегі қызықты қойылым ешкімді бей-жай қалдырмайды ғой деп ойлаймын.


    Арман СЕРІКҰЛЫ 

     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...