• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Тауық етін қай өндірушілерден алмау керек

    Тауық етін қай өндірушілерден алмау керек

    Тауық етінің сальмонелло вирусын жұқтыруы тасымалдау мен сақтау ережелерін бұзу салдарынан орын алуы мүмкін, деп хабарлады Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.

    Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері жұқпалы ауруды жұқтырған тауық етін анықтаған болатын.

    Ресей және  Ақмола облысының «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС  өндіретін «Курочка ряба» бройлер тауық сорпасы мен тауық етінің мұздатылған жиынтықтарынан сальмонелла вирусы  табылған.  Сараптама нәтижесі түрлі компаниялардан іріктеп алынған 41 сынаманың төртеуінен сәйкессіздіктер анықтады. Сондай-ақ, тауық етін өндіретін Петропавл қаласындағы «Крылов ИП»  компаниясының  қауіпті ет жеткізуші өндіруші екені белгілі болды.

    Осыдан кейін “Сapital projects LTD” ЖШС «Курочка Ряба» брендімен тауық етін өндіретін компаниялардың үстінен жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

    «Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес, сальмонелло вирусы анықталмады. Компаниясанитарлық талаптарды бұзбаған. Азық-түлік өнімдерінің бұзылу себебі көтерме жеткізушілер және сауда нүктелерінің өнімді дұрыс тасымалдамауынан немесе дұрыс сақтамауынан болуы мүмкін», – деді министр.

    ____________________________________________________________________________________________________________________

    stan.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...