• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » «Талан» фильмі түсіріліп жатыр

    «Талан» фильмі түсіріліп жатыр

    Кеше бір топ журналистер қауымы Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Күрметі ауылына барып, режисер Болат Қалымбетовтың толықметражды «Талан» көркем фильмінің түсірілім барысын көріп қайтқан едік. 

    Аталған фильмді ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өндіріске жіберген. Бүгінгі таңда  кинотуындының жартысына жуығы түсірілген. Алдағы бір айдың ішінде толықтай түсіріліп бітуі тиіс. Ал, қалың көрермен назарына келер жылы көктемде ұсынылмақ. Журналистермен кездесуге келген режисер кинотуындысы жайында қысқаша әңгімелеп берді.

    БОЛАТ ҚАЛЫМБЕТОВ, фильмнің режисері:

    – Бұл менің бесінші кинотуындым. Фильм Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып түсіріліп жатыр. Осы жобаны күткеніме 12 жыл болды. Соңғы рет «Сар­дар» атты тарихи драманы түсір­генмін. Одан кейін ғаламдық дағ­­дарысқа тап болып қалып, жұмыстың басталуы ұзаққа со­зылды. Фильмге қаражат 2014 жылы бөлінген еді. Бірақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына ар­­­налған үлкен жоба іске асы­ры­луы тиіс болғандықтан, уа­қыт­ша тоқтатып қойған едім. Екі жылдан соң қайта қолға алып, түсірілім жұмыстарын бас­­тап кеттік. Үкімет тарапынан бөлінген ақша толықтай жетеді. Фильм туралы ай­тар болсам, жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-Адам» атты шығармасының желісімен түсіріліп жатыр. Сценарий ав­то­ры Ғазиз Насыров екеуміз. Ки­но­ны жақсы түсінетін адамдар бұл фильмге оң бағасын береді деп сенемін. Себебі, туындыны жаңа леппен, астарлы ойға толы етіп түсіріп жатырмыз. Атауын «Талан» деп өзгертуіміздің де өзін­дік себебі бар. Фильмдерімде оқи­ғадан бұрын адам тағдырын бейнелегенді ұнатамын. «Талан» деген сөздің өзі – «тағдыр» дегенді білдіреді. Фильмде 1930 және 1944 жылдардағы кезең көрініс табады. Бұл уақытта қуғын-сүр­гін, ашаршылық болды. Бірақ фильм ол туралы емес. Сол кез­­­дегі халықтың тағдыры, бір-­бірімен қарым-қатынасын көр­сеткім келді. Сол себепті, күр­де­лі философиялық туынды шы­ғуы тиіс. Әрі түсірілім алаңы ре­тінде шалғай жерді таңдағаным да кездейсоқ емес. Адам мен табиғат арасында үйлесім болуы маңызды. Сол үшін де осы ауылды таңдадым. Әзірге фильмнің 40 пайызы түсіріліп бітті. Қара­ша­да жұмысты аяқтауды жос­пар­лап отырмыз. Ал 2017 жылдың наурыз айында еліміздің бар­лық кинотеатрларынан кө­ре­ ала­сыздар. Фильмге түс­кен актерлер қатарында Ерік Жолжақсынов, Шынар Жанысбекова, Ержан Нұ­рымбет, Ұлан Нүсіпәлі, Оң­да­сын Бесікбасов, Асан Мәжит, Жасұлан Әйтенов және тағы басқалар бар.

    ҰЛАН НҮСІПӘЛІ, актер: lan-n-sip-li

    – Менің бұл фильмде сомдайтын кейіпкерім – Шүкір есімді өкімет адамы, милиция қызметкері. Өз рөлімді өзім де толықтай білмеймін. Режиссердің өзіндік әдіс-тәсілі басқалардан өзгеше. Сценарийді толық оқытпайды. Барлық тапсырманы уақында беріп, түсіндіреді. Түсірілім барысында сөзімізді қайталап, әрекетке көшеміз.

    ЖАСҰЛАН ӘЙТЕНОВ, актер:

    Киноға алғаш рет түсіп жатырмын. Шолпан (суретте) есімді досымнан қазіргі ойнап жатқан рөліме кастинг болып жатқанын естігеннен кейін, оған қатысып, Болат ағаның шешімімен актерлер құрамына қосылдым. Сомдайтын рөлім –  Керім есімді жігіт. Ол ашаршылық кезінде ата-анасынан айрылып, тағдыры өте ауыр хәлде болған кісі.

    zhas-lan-ytenov


    Жасұлан НАУРЫЗӘЛИЕВ,

    «АДЫРНА».

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...