• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Түркістан шаһары түркі әлемінің 2017 жылғы астанасы болып жарияланды

    Түркістан шаһары түркі әлемінің 2017 жылғы астанасы болып жарияланды

    Бұл шешім Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты кеңесінің XXXIV отырысында бірауыздан қабылданған.

    Алқалы жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері, Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі Академиясының өкілдері қатысты. Басқосуда ұйымның бір жылда атқарған іс-шаралары сараланып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

    Осылайша Түркістан елордамыз Астана мен Түркияның Ескишехир, Түркменстанның Марысымен Әзербайжанның Шеки қаласынан кейін, мұндай мәртебеге лайық деп танылған 5-ші шаһар атанды.

    Кемал Челик, Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің экс-депутаты:

    — Түркістанды білмейтін түрік кем де кем. Өйткені біз Қазақстанды атажұртымыз, ал Түркістан қаласын барлық түркі халықтарының мәдени және рухани орталығы ретінде ерекше қастерлейміз. Тарихи шаһарды ТҮРКСОЙ түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл жаңалыққа шын жүрегіммен қуанғанымды жасырмаймын. Себебі мұндай мәртебеге ол әбден лайық. Енді Түркістанға жиі-жиі қыдырып баратын боламыз. Бұл әрине, қаланың тыныс-тіршілігі мен туристік әлеуетінің артуына зор мүмкіндік ашпақ.


    24.kz

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Защитницу хакасской культуры обвинили в экстремизме

    Суд в Абакане рассмотрит уголовное дело в отношении жительницы Хакасии. Женщина разместила на личной странице ...