• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Шығыстушы ұлы ғалым Тимур Бейсембиев жер қойнына тапсырылды

    Шығыстушы ұлы ғалым Тимур Бейсембиев жер қойнына тапсырылды

    Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымы және жалпы жұртшылық шығыстану ғылымының алыбы, қазақтың ұлы ғалымы Тимур Қасымұлы Бейсембиевпен қоштасып, асыл азаматтың мәйіті жер қойынына тапсырылды.
    Тимур Қасымұлы Бейсембиев 1955 жылдың 8 маусымы күні Алматы қаласында қазақтың зиялы отбасында дүниеге келген. Әкесі – Қасым Бейсембиев (1919-1980) философия ғылымдарының докторы, профессор, қазақтан шыққан алғашқы философ-ғалымдардың бірі. Анасы – филология ғылымдарының докторы, профессор Валентина Айтешевна Исенгалиева (1924 ж.т.).
    15873217_604961436362794_5721476284461069698_nТимур Қасымұлы 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. 1980-1983 жылдары Өзбек КСР-і ҒА Шығыстану институтының аспирантурасында оқып (Ташкент), 1983 жылы Өзбекстанның Шығыстану институтында ««Таʼрих-и Шахрух» тарихи дереккөз ретінде» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғайды. Ол шет тілдерін жетік меңгерген, 12 тілде еркін сөйлейді: орыс, ағылшын, француз, неміс, парсы, шағатай түрки, көнегрек, латын, голланд, поляк, африкаанс, осман түріктері, өзбек, тәжік және т.б.
    1983-1991 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және археология интситутының, 1991 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Х-ХІХ ғасырлардағы Орта Азия және Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша көптеген ғылыми жобаларға қатысты.
    1992-1993 жылдары Индиана университетінде (АҚШ), 1995 жылы Британ академиясының шақырылған профессоры ретінде Лондонның Шығыс қолжазбалар қоры мен кітапханаларында, 1997 жылы Оксфордта шақырылған ғалым ретінде жұмыс атқарады.
    15871801_604961679696103_8283189118962275141_n1999-2002 жылдары стажировкадан өту және ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Иранда еңбек етті. 2001-2002 жылдары және 2006 жылы Қоғамдық ғылымдар үйінің шақыртуымен Парижде зерттеу жұмыстарын жүргізді (Франция). 2005-2006 жылдары Оксфордта шақырылған профеесор ретінде алтыайлық грантқа ие болып, 2005 жылдың шілдесінде Токионың Чуо университетінде (Жапония) шақырылған профессор ретінде қызмет етті. 2006-2007 жылдары Токионың шетелдік зерттеулер университеті жанындағы Азия және Африканың тілдері мен мәдениетін зерделеу жөніндегі зерттеу институтының шақырылған профессоры ретінде қызмет етті.
    Марапаттары: 1988 ж. ҚазКСР ҒА-ның жас ғалымдар арасындағы үздік жұмысы үшін медалімен марапатталған.
    15822701_10208251977472722_2339901419287021012_n

    15781317_10208251977592725_3727756501878875850_n

    1973-2010 жылдар аралығында 6 кітап, 200 ғылыми мақала жариялаған. 2 кітабы мен 23 мақаласы ағылшын тілінде жарық көрген.
    Бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған деректанудың аса ірі білгір маманы, әлем мойындаған ұлы ғалымның артында өшпейтін ғылыми мол мұрасы қалды. Ол бастаған жолдың шеті шексіз, ұланғайыр ұлы жол.
    Марқұмның артында тоқсанның төріне шыққан анасы, өмірінің көбін бірге өткізбесе де дүниеге мұрагері ұлын әкелген жары, ұлы Тимур қалды. Туыс-туғандары мен қызмет еткен киелі шаңырақ Шығыстану институтының ұжымына, шығыстанушы, тарихшы, деректанушы және т.б. Тимур ағаны танитын ағайынға қатты қайғырып көңіл айтамын. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!

    15873104_10208251977632726_780523351850547821_n


    Бағдат ДҮЙСЕНОВ,

    ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...