• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » «Щелкунчик – цирк алаңында» атты жаңа жылдық ертегі

    «Щелкунчик – цирк алаңында» атты жаңа жылдық ертегі

    Қазақ мемлекеттік циркінің шығармашылық ұжымы ерекше мерекелік лазерлік шоу негізінде әзірленген Амадей Гофманның «Щелкунчик және тышқан патшасы»  ертегісінің желісі бойынша 2016 жылдың 18 желтоқсаны мен 2017 жылдың 8 қаңтар аралығында өтетін «Щелкунчик цирк алаңында» атты бағдарламасына ересектер мен балаларды шақырады.

    dsc0976517 желтоқсан күні таңғажайып ертегінің журналистерге арналған көрсетілімі болды. Сиқырлы ертегінің  басты кейіпкерлерінің бірі  – Щелкунчик – ол әдемі ханзада, ол тышқан патшалығының зұлым ханшайымы Мышильданың сиқырымен ағаш қуыршаққа айналдырылады. Щелкунчик тышқан патшасын жеңгенде ғана Ханзаданың сиқыры жойылып, оны керемет сұлуқыз Мари сүйіп қалады. Бірақ, зұлым Мышильда қарап қалмайды, ол Щелкунчикті ұрлап алып шайнап тастамақшы болады. Тек қана Мурр әулеті ғана тышқандарды қорқытып,  Щелкунчикті қорғай алады. Бұл жаңа жылдық қойылым жорамал мен құпияға толы  ғажайыпты күтуде.

    Ертегі кейіпкерлері Дроссельмейер, Щелкунчик, Мари, Фриц, Мышильда, тышқан патшасы, Аяз ата, Ақшақар болса, олармен қоса, әуе гимнастары, акробаттар, эквилибристер және үйретілген жануарлар, клоундар балаларға көңілді кеш сыйлай білді. Мәскеуден әкелінген үлкен көлемді лазерлік 3D шоуы да балаларға сиқыр әлеміне енуге көп септесті. Ғажайып қөріністерді Қазақ мемлекеттік циркінің әйгілі балет тобы – «Фарандоль» сүйемелдеп отырды.

    dsc09274Жаңа бағдарлама – цирк, театр, музыка және хореографиялық өнерлердің үздік дәстүрлерінің жинтығы. Режиссерлік-қойылым тобының алдына қойған  мақсаты – тек қана көрерменнің көңіл-күйін  көтеру ғана емес, сонымен қатар, бұл қойылымнан көрерменнің өзіне алар білімі мен тәрбиелік мәні де орасан зор. Цирк өнерінің кішкентай әуесқойлары П. И. Чайковскийдің атақты балеті «Щелкунчик» музыкасын да тамашалады.  Арнайы осы бағдарламаға арнап, жаңа цирктік номерлер қойылды, арнаулы музыка жазылды, жаңа костюмдер тігіліп, реквизиттар дайындалды. Бұл цирктік жоба кез келген жастағы алуан түрлі көрермендерге  арналады.  Сіздерді сиқырлы әлем мен таңғажайып көріністер тәнтті етері сөзсіз!

    Бақыт БӨКЕБАЕВ, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:

    • Қазақ мемлекеттік циркінің тарихына қарап отырсақ, бұл циркте төл туындылар өте сирек қойылған екен. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Амадей Гофманның «Щелкунчик және тышқан патшасы» ертегісінің желісі бойынша «Щелкунчик – цирк алаңында» атты қойылым қойып отырмыз. Әрмен қарай да біз бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізетін боламыз. Көктемде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ ертегісі негізінде қойылым қоюды ойлап отырмыз. Бірақ, әлі жоба жан-жақты ойластырылуда.

    Арман СЕРІКҰЛЫ

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...