• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Шеттен келген қандастар мәселесі назардан тыс қалмайды

    Шеттен келген қандастар мәселесі назардан тыс қалмайды

    Оралмандар мәселесі бүгінгі күні «бас ауыртар»  мәселенің бірі болды.  Әсересе Қытай елінен келгендер үшін ықтиярхат алу мен тіркеу уақытын өткізіп алу, Өзбекстан елінен келетіндер үшін арнайы депозит ашып, қорында 1 милионнан астам қаражаты болуы тиіс деген талап тб. Бұған қоса жең ұшынан жалғасып жатқан сыбайластық  та өз кесірін тигізуде. Осы  ретте Алматы қаласы Ішкі саясаты басқармасының қолдауымен  «Адырна  Ұлттық этонографиялық бірлестігі»  арнайы Qandastar kz жобасын қолға алды.  Осы бағыттың ізімен  «жедел желі» қызметі іске қосылғанды. «Жедел желінің» негізгі мақсаты еліне көшіп келген  қандастарға  заңдық құқықтық, тілдік курстық көмектерді тегін ұсыну. Жедел желінің сенім нөмірі 8778 808 77 08 

    Қандастар аты айтып тұрғандай, басқа елден көшіп келген қандастарымыздың мәселесіне арналады.  Қандастар жобасы 3 бағыт бойынша қандастарымызға қызмет ұсынатын болады. Жоба аясында қандастар сайты да іске қосылғандығын да айта кетейік  http://qandastar.kz/   сайтына кіріп,  заңдық тұрғы да зардап шегуші өз арызын сайтқа  жазып  кете алатындығын ескерте кеткіміз келеді.  Ал жоба аясындағы қызмет түрлеріне бірінші заңгерлік көмек болмақ.  «КЕШ» құқық қорғау орталығының басшылығы мен жүзеге асатын бұл бағытта елге оралған әр адамға тегін заңдық тұрғы да кеңес беріледі.

     «КЕШ» құқық қорғау орталығының директоры  Кәмшат Есмұханбетқызы :

    Елімізге оралып жатқан бауырларымыздың ең жанды жері, азаматтық алуы. Осы тұрғыда сенім телефоны бар. Еліміздің әр аймағында тұрып осы нөмірге  хабарласып көкейіндегі сұрақтарға жауап ала алады. Бірақ біз тек кеңес беріп,  заңды түсіндіріп жол көрсетумен ғана шектелетіндігімізді ескерте кеткім келеді.

    Тағы айта кетерлігі тіл жағынан қиналатын жастарға арнап орыс тілі  курсын ашылмақшы.  Қазақстан тәуелсіздік алғанына біршама жыл болғанына қарамастан орыс тілі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Егер қоғамдық жұмыстарға жұмысқа тұрар болсаңыз, міндетті түрде екі тілді қатар білу міндеттемелері кездесіп қалады

    Әділғазы Самал (Қытай елінен келген студент)

    Қазақстанға келген де қатты қиналғаным осы орыс тілі болды. Тіпті көшеде жүріп, қазақ тілінде өзіме керек мекен-жайды сұрай алмайтын едім, қашан қазақ кездескенше. Курсқа толық қатысып тұратын боламын. Әрине қысқа уақыт ішінде үйреніп кетпесім анық. Бірақ  тілім жаттыға беретіне қуаныштымын.

    Көңіл қуантарлығы, елімізге оралып жатқан қандастарымыздың көбі кәсібін ашып, шаруасын  дөңгелетіп жатыр. Ал кәсібін  бастамақшы  қандастарға арнап «Кәсіпкерлікке оқыту» сабағы да дәл орыс тіліндегідей сағатта апта сайын  өткізілмекші.

    Қандастарға арналған жобаның ұйымдастырушысы Әлішер Омардың айтуына қарағанда бұл жоба егер  өз нәтижесін көрсетіп жатса, тұрақты түрде жүзеге асырылуы да мүмкін. Ал әзірге мүмкіндік шектеулі болғандықтан, белгіленген мерзімінен аса алмайтындығын және осы курстардың тек Алматы қаласында да ғана  өткізілетіндігін  баса айтты. Егер курсқа қатысып сабақ аламын десеңіз, мына нөмірге хабарласып алдын ала жазылу керектігін ескертеміз. 8775 278 57 17      8708 8521337


    Аида Қожмамбет

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...