• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Саны 1000 жетпейтін халықты ұлт деп атау дұрыс па?

    Саны 1000 жетпейтін халықты ұлт деп атау дұрыс па?

    1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.

    Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша 18 миллион 195 мың 878  мың адамға жетті.

    Сондай-ақ елімізде 150-ден аса түрлі өзге ұлт бар. Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған.

    ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі – қазақтармен тату-тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде

    Кейбір деректерге қарағанда, әлемде  256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 150-ден астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.

    Қазақстандағы барша ұлттар мен ұлыстарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтай отырып, біздің елде ұлт ретінде аталып жүрген аз санды диаспоралардың санын оқырман назарына ұсынамыз.

    Еліміздегі адам саны мыңға жетпейтін ұлттар:

    Арабтар — 953
    Ауғандықтар-  821
    Коми-пермяктар — 761
    Чехтар — 754
    Моңғолдар — 752
    Қалмақтар — 738
    Құмықтар —  734
    Твалар — 635
    Гагауздар- 620
    Адыгайлар — 604
    Румындар — 597
    Лактар 574
    Буряттар — 537
    Ағылшындар — 515
    Венгрлар — 485
    Алтайлықтар — 476
    Финндер —  454
    Ноғайлар — 438
    Американдықтар — 436
    Сахалар(якуттер) —  415
    Италияндықтар — 404
    Чувандар — 388
    Карелдер — 365
    Хакастар — 362
    Табасарандар — 345
    Удиндер — 342
    Асираилдіктер — 338
    Комилер — 288
    Абхаздар — 214
    Шорлар — 210
    Черкестер — 176
    Ненецтер — 176
    Абазиндер — 149
    Агулдар — 137

    Еліміздегі адам саны 100-ге жетпейтін ұлттар: 

    Кабардиндер — 98
    Халха-моңғолдар — 96
    Кубалықтар — 95
    Рутулъдер — 93
    Долгандар — 83
    Коряктар — 76
    Въетнамдықтар — 67
    Татар — 66
    Хорваттар — 63
    Сербтер — 61
    Австриялықтар — 60
    Словактар — 58
    Испандар — 57
    Албандықтар — 55
    Француздар — 51
    Евразиялық еврейлер — 50
    Удегейлер — 49
    Жапондар — 46
    Голландықтар  — 45
    Вепстер — 43
    Эванкілер — 38
    Белуджилер — 37
    Грузиндіктер — 35
    Эвендер — 34
    Таулық еврейлер — 33
    Хантылар — 31
    Қырымшақтар  — 31
    Тофалар — 30
    Қарайымдар — 29
    Мансылар — 24

    Цехурлар  — 23
    Чукчалар —  22
    Нанайлықтар — 22
    Ижорлар — 17
    Алеуттер — 14
    Нивхилер — 10
    Ителмендер — 10
    Энецтер — 9
    Кеттер — 9
    Юкагилер — 8
    Орогтар  — 8
    Даттықтар — 7
    Селъкуптар — 4
    Уличтер — 4
    Нагидалықтар — 4
    Саамдар — 3
    Үльттар — 2
    Наганасандар — 2
    Эскимостар — 2

    ____________________________________________________________________________________________________

    Abai.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...