• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » ҚР СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

    ҚР СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған  этникалық қазақтарды босатуды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан-Қытай консультацияларының консулдық мәселелер бойынша кезекті отырысы өткен аптада Бейжіңде өткені айтылады. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарған.

    © ҚР СІМ баспасөз қызметі Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай тұрғындарының өзара сапарларының өзекті мәселелері бойынша толыққанды келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселені қозғады. Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істерін объективті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтылды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешудің ортақ амалын ойластыруға уағдаласты. Сонымен қатар, консультациялар барысында елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің халықаралық әуежайларында Қазақстан және Қытай азаматтарының келу/кету және транзитпен өту тәртібі туралы ақпарат алмасты. Визалық саясат саласында туындайтын мәселелердің техникалық сипатын ескере отырып, тараптар екі ел азаматтарының өзара сапарлары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ тұрақты консультацияларды одан әрі жалғастыруға келісті.


    kaz.tengrinews.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Абаев: 2020 жылы Назарбаевтың сайлауға түсуінен Қазақстан ұтылмайды

    Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2020 жылы өтетін президенттік сайлау туралы өз ойын ...