• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстандық қыз Дубайда жол апатынан мерт болды

    Қазақстандық қыз Дубайда жол апатынан мерт болды

    Қазақстандық қыз Дубайда жұмадан сенбіге қараған түні жол апатынан мерт болды

    АСТАНА, 26 маусым  Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан  ға сілтеме жасай отырып.

    «Ия, ол шын мәнінде Қазақстанның азаматы. Біздің консулдықтың қызметкерлері оның Ташкентте тұратын туғандарын тауып алды. Олар оның денесін жөнелту сұрақтарымен айналысып жатыр. Қай жаққа жіберілетінін туыстары шешеді. Ташкентке жеткізілетін шығар» — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров БАҚ берген ақпаратында.

    Оның айтуынша, жол апаты Дубайда жұмадан сенбіге қараған түні болған, қазақстандық қызды көлік соғып кеткен.

    1983 жылы туған қыздың Дубайда шаштараз болып жұмыс істегені белгілі болды.


    Аида Қожмамбет

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...