• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Тоқтар Әубәкіров 70 жаста

    Тоқтар Әубәкіров 70 жаста

    Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, техника ғылымының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 70 жасқа толды.

    Жақында ғана әскери-әуе күштерінің жас офицерлеріне шеберлік сабағын өткізіп, табысқа жетудің басты құпиясын ашты. «Өзіңе батыр болуды міндеттеме. Ол ешқашан жүзеге аспайды. Әр күн сайын өз-өзіне міндет қойып, мен батыр болуға дайынмын ба?», – деген сауал  қойған абзал. Сіздің табысқа жетуіңіз әскерей ғылымды қаншалықты жақсы оқып үйренгеніңізге тікелей байланысты екенін нақты түсінген жөн. Техника мен аэродинамиканың қыр-сырын білмесең, дарындылығың еш көмектеспейді. Күн сайынғы еңбек пен білім қуу құмарлығы – сәттілікке апарар бірден-бір жол»,– деді ол.

    Ал, ғарыш кемесіне көтерілер сәтте – « Халқым, сен үшін суға да, отқа да түсуге дайынмын!»,– деген еді. Өзі айтқандай суға да, отқа түсті. Көптеген жауапты мемлекеттік қызметте де, халық сайлаған депутат та болды.

     Халық қаһарманының мерейтойы Астанада, Қарағандыда, туған жері  Қарқаралы ауданында да тойлануда.


     Жасұлан Наурызәлі

     

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...