• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Пашинян премьер-министр болмады
    People continue the civil disobedience blocking the main streets of Yerevan, Armenia

    Пашинян премьер-министр болмады

    Армениядағы оппозициялық «Елк» саяси блогының жетекшісі Никол Пашиняннің жақтастары 2 мамыр күні таңертең Ереван мен басқа да қалаларда азаматтық бағынбау акцияларын жалғастырды. 1 мамырда парламентте премьер-министрді сайлау үшін өткен дауыс беруде депутаттардың жартысынан көбі Пашинянға қарсы дауыс берген. Бұдан соң халық алдында сөйлеген Пашинян Армения азаматтарын азаматтық бағынбау акцияларын жалғастыруға, көшелерді, метро мен теміржолды, әуежайды, республикалық маңызы бар жолдарды жабуға шақырған. Ол сонымен қатар жоғары оқу орындарында, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде де шеруге шығуға шақырған.

    Бүгін таңертеңнен бастап бір топ азамат «Звартноц» әуежайына барар жолды жапты. Оқиға орнына полицейлер барып, жағдай шиеленісе түсті.

    Ереванның басқа бөліктерінде де азаматтық бағынбау акциялары өтіп жатыр. Шеруге қаладағы студенттердің біразы қосылған.

    _______________________________________________________________________________________________________________

    azattyq.org

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...