• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Оқушылар Қазақ хандығы мерекесін тойлады

    Оқушылар Қазақ хандығы мерекесін тойлады

    Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты Алғабас-6 ықшам ауданы №182 мектебінде ҚР Президенті күніне орай Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылым қойды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кәсіби мамандарының сахналауымен болатын көрініске мектеп оқушылары өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Қойылымға 7-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысады. Қойылым соңы ән мен күйден шашу шашқан концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Төртінші сынып оқушыларынан тұратын хор әншілері көрермен қауымның жүрегіне жылылық сыйлай білді.  

    Алматы қаласының №182 жалпы білім беретін мектебінің директоры Шырынгүл Зейнуллаеваның айтуынша, Керей мен Жәнібек хандардан бастау алған Қазақ хандығы кезеңін сахналау арқылы жас толқынның тарихи танымын арттыра отырып, отаншылдыққа, ұлтын сүйер ұлан ретінде қалыптастыру көзделген. «Қазақтың байлығы мен дархан даласы, қазіргі Тәуелсіздігі үшін бабалардың қаншалықты қан мен тер төккенін жастарға ұқтырып, толқымалы тарихы бар ел мен жердің қадір-қасиетін түсіндіруге ұмтылыс жасалды» дейді мектеп директоры Шырынгүл Зейнуллақызы.     

    Шараға қатысқан балалардың дайындық деңгейінің жоғары екені бірден көрініп тұрды. Әсіресе, қазақтың хандары мен билері, ру-тайпа көсемдері сомдалған тарихи қойылымдары ел ықыласына бөленді. Қойылым режиссері, жас әртіс Азат Мыңбаевтың айтуынша, балалар өз шеберліктерін күн санап шыңдап келеді. «Әрине, мектеп сахнасы театр сахнасындай түрлі комбинациялық шешімдер жасауға аса қолайлы емес. Дегенмен, біз бар мүмкіндікті пайдаланып, көріністі барынша тартымды етуге тырысып бақтық. Соған орай, оқушылар да нанымды, бар зейінімен ойнады» дейді Азат Мыңбаев. Айта кету керек, мектеп қабырғасында «Ақ желкен» театры «желкен көтергеніне» көп бола қоймаған. Осы шара барысында «Ақ желкеннің» де тұсауы кесілгенін көпшіліктен сүйіншілегіміз келеді. Атаулы шарадағы қойылымдар балалар театрының тырақ алды шығармашылық жемісі екені өз-өзінен түсінікті.        

    Жастардың өнер-білімге ұмтылуы қуантарлық жайт. Осынау өнерге құштар жас өрендеріміздің ел игілігіне қызмет етер азамат болып өсеріне кәміл сенім артамыз.


    Арман СЕРІКҰЛЫ   

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...