• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Басты тақырып » Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды

    Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды деп хабарлады 16 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі. Назарбаев сапар барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен, ресми және іскер топ өкілдерімен кездеспек. Назарбаев 16-18 қаңтар аралығындағы сапарында сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына да қатысады.

    Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз қызметі Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайтынын, бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз ететінін хабарлаған.

    Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпарат агенттіктері екі ел президенті Ресеймен қарым-қатынас, Сириядағы соғыс және сауда мәселелерін талқылайтынын хабарлаған.

    Қазақстандық кейбір сарапшылардың болжамынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында демократия мен адам құқығы мәселелері талқылануы екіталай. Мамандар “АҚШ президенті Дональд Трамп пен Назарбаев Ұлттық қордың америкалық банкте «бұғатталып жатқан» ақшасы сөз етуі ғажап емесін» айтады.


    azattyq.org


     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қытайлықтар қазақ қыздарына қызығушылық танытуда

    Жақында Қытайдың үлкен ақпарат агентіктерінің бірі sina.com сайтында белгісіз автордың мақаласы жарияланды. Мақала тақырыбы: «Қытайлық турис жігіттердің ...