• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » «Нұр Отан» партиясының төраға орынбасары тағайындалды

    «Нұр Отан» партиясының төраға орынбасары тағайындалды

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәулен Әшімбаевтың тағайындалуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Ақорда.

    Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырып, Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. «Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалуына байланысты партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылады. Осы жауапты қызметтегі үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мәулен Әшімбаевты тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол бес жылдан астам Парламент Мәжілісінің депутаты болып, комитет басқарды. Мен оның партия мәртебесі мен рөлін арттыруға үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Елбасы «Нұр Отан» партиясының алдында тұрған қазіргі міндеттерге ерекше назар аударды.

    «Нұр Отан» партиясы мемлекет саясатын айқындайтын маңызды саяси күшке айналды. Партия барлық бағдарламаларымызды іске асыруға атсалысып келеді», — деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы жүргізіліп, олардың іске асырылуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономиканы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімдеу қажеттігін айтты.

    «Егер біз әлемдік дамудан қалып қоймаймыз десек, онда алға ұмтылуымыз қажет. Сол себепті биылғы Жолдау осы реформаларды орындауға бағытталған. Бұған дейінгі барлық бағдарламаларымыз осыған арналған болатын. Мәселе олардың қалай жұмыс істеуінде. Біз экспорттық өнім шығаратын кәсіпорындар құруымыз қажет», — деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асырудың өзектілігін атап өтті. Соңында Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру ісіндегі партияның белсенділігін арттырудың маңыздылығына назар аударды. «Облыстарда партия ұйымдары бар. Олар белгіленген міндеттерді іске асыруда белсенді болуға тиіс», — деді Қазақстан Президенті.


    tengrinews.kz


     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...