• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Моңғолияда ежелгі түркі мүсіндері табылды

    Моңғолияда ежелгі түркі мүсіндері табылды

    Халықаралық түркі академиясының (TWESCO) бастамасымен, Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде басталған археологиялық қазба жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмыс, Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих және археология институтымен бірігіп жүзеге асырылуда.

    ТWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің жетекшілігіндегі жоба аясында, маусым айында басталған қазба жұмыстарын танымал моңғол археологы Д.Цэвэндорж және қазақстандық ғалым-түркітанушы Н.Бәзілхан жүргізуде. Қазір кешеннің басты алаңындағы «Мәңгі тас» тас ескерткішінің орнына және оның екі табалдырығына қазба жұмыстары жүргізілді. Археологтардың жұмысы нәтижесіз емес. Атап айтқанда, ежелгі түркілердің тас мүсіндерін тапты.  Бұдан бөлек, үйінді тастардан аршылған кешеннің құрылымы, іргетасы, іргетасының пішіні мен көлемі анықталды.

     Осы және өзге де жаңалықтар Академияның ұйымдастыруымен 24 тамыз күні «Шивээт улаан»  ғұрыптық кешенінде өтетін «Ұлы дала көшпелілері: тарихи-мәдени үндестіктер» атты ІІ түркі-моңғол археологтарының дала семинарында кеңірек таныстырылатын болады. Бұл дала семинары Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркия ғалымдары мен баспасөз  өкілдерінің қатысуымен  2016 жылғы 20-27 тамызда өтетін «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: Ұлы дала көшпенділерінің тарихи-мәдени  қазыналары» атты халықаралық экспедиция аясында ұйымдастырылады.

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...