• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Мирзоянның орнын Әлихан басты

    Мирзоянның орнын Әлихан басты

    — Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдаған шешім алдағы 15 тәулік ішінде әділет департаментінде тіркелуі керек. Бұл жолы Ақтөбеде Левон Мирзоян көшесінен өзге идеологиялық тұрғыдан көнерген 25 көшенің атауы өзгерді, — дейді Гүлайым Төлебаева.

    Левон Мирзоян атындағы көше Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде, төрт-бес көшенің тоғысқан тұсында тұр. Совет өкіметі тұсында Қазақстанды басқарған Мирзоянның аты мен ескерткіш тасын көшеден алып тастауды жергілікті белсенділер 2014 жылдан бері талап етіп келеді. Ақтөбелік белсенді тұрғындар Совет билігі кезіндегі тұлғаға көше атын бергенге және Мирзоянның құрметіне қаланың ескі бөлігінде 1997 жылы ескерткіш тас тұрғызылғанына да қарсы. Ескерткіш таста «Левон Мирзоян (Мырзажан) – армян халқының ұлы перзенті» екені, оның 1939 жылы репрессияға ұшырап, Лефортово түрмесінде атылғаны жазылған.

    Гүлайым Төлебаева Азаттық тілшісінің «Көше атауы ауысқаннан кейін, Левон Мирзоянға қойылған ескерткіш те алынып тастала ма?» деген сауалына «Бұл Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының құзырындағы шаруа емес» деп жауап берді. Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбекова «Ескерткіш қала аумағында тұрғандықтан бұл мәселеге Ақтөбе қалалық әкімдігі жауапты» деп біледі. Ал Ақтөбе қалалық әкімдігінде Левон Мирзоянға қойылған ескерткіштің бұдан арғы тағдыры туралы әзірше қандай да бір шешім қабылданбаған.

    ________________________________________________________________________

    azattyq.org

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...