• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Министр: Қиын-қыстау жылдары біз көп ақылды адамды жоғалттық

    Министр: Қиын-қыстау жылдары біз көп ақылды адамды жоғалттық

    Қорғаныс министрлігі еңбек династияларын құру үшін жастарды кәсіпорындарға тартып, олардың практикалық білімін жетілдіруді басым бағытқа қойып отыр.

     

    Бұл туралы бүгін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі кешені министрі Бейбіт Атамқұлов мәжілісте өткен үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

    “Бүгінде отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені электронды, ақпараттық, ғарыш технологияларын біріктіреді. Таяу арада біз экономиканың ғылымды қажет ететін өнеркәсіп секторларының біріне айнала аламыз. Біздің алаңдарда жаңа технологиялық инновациялық шешімдер сынақтан өткізіледі. Біз қазір бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз”, — деді министр.

    Атамқұлов қорғаныс өнеркәсібінің дамуы сол салада істейтін жұмысшылардың білімі мен біліктілігіне байланысты екенін атап өтті.

    “Жастарды оқыту, кәсіпорындарда кәсіби кадрлар даярлау, жоғары технологиялық саланың тірегіне айналатын еңбек династияларын құру – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Біз талдау жасадық, қазір тәлімгерліккке оралып жатырмыз. Тәлімгерлерді ынталандырып,  қорғаныс өнеркәсібі кешенінде кадрлық әлеуетті сақтау үшін барымызды салудамыз”, — деді ведомство басшысы.

    Министрдің айтуынша, қиын-қыстау жылдары Қазақстан көптеген білікті маманынан айырылды.

    “Өкінішке қарай, қиын-қыстау жылдары біз көп ақылды адамды жоғалттық: жер аудардық, зейнетке шықты, сөйтіп артынан ерген жастармен тәжірибесімен бөлісе алмады. Кәсіпорындарға пайданы ғана көздеген, тез байып шығуды ойлаған менеджерлер келген уақыт да болды. Десек те, елін сүйген үздік патриот кадрлар қалды. Олар қиындыққа төзіп, бәріне шыдап, бүгінде солардың арқасында кәсіпорындарымыз жұмыс істеп тұр”, — деп түйіндеді сөзін Атамқұлов.

    __________________________________________________________________________________________________________   stan.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...