• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Министр Е.Сағадиевиевтің оқушыларды музейде оқыту идеясы өз жемісін берері сөзсіз

    Министр Е.Сағадиевиевтің оқушыларды музейде оқыту идеясы өз жемісін берері сөзсіз

      Өткен көктемде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев география, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізуді  ұсынған болатын.

    Бұл дәстүр Еуропа мен АҚШ-та, көрші Қытайда бұрыннан бар. Іргедегі Ресейде де бар болғанымен, өткен жылы арнайы бұйрықпен реттеліп, бекітілді. Министр Ерлан Кенжеғалиұлының оқу пәндерін музейде өткізу туралы идеясы алғашқыда көп адамға жаңалық бола қойған жоқ. «Балаларды музейге апарып сабақ өткізу әдеттегі дүние емес пе?» деген пікірді естідім. Еліміздегі музей саласының насихаты аз болғандықтан мен бұл пікірге түсіністікпен қарадым. Анығында, министрдің бұл қадамы музей мен мектеп арасындағы бірқатар мәселенің аражігін ашып берді. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстандағы 239 музейдің 5-еуі жекеменшік, 197-сі кәсіпорын типтегі, 37-сі мемлекеттік мекеме болып саналады. Музейде сабақ өткізу үшін мемлекет жекеменшік музейлердің ісіне араласа алмайды. Демек, жекеменшік музейлер келіспесе, оқушыларға тегін сабақ өткізу қиын. Сондай-ақ, кәсіпорын типтегі музейлер экскурсиялық қызмет есебінен бюджетіне кіріс кіргізетіндіктен оларға да «сабақты тегін өткізіңіз» деп айта алмасыңыз анық. Бұрын музейлер мен мектеп арасында музейге кіру билетінің ақысы үнемі түсінбестік тудырып келді. Музейлер кіру ақысын талап етеді, ал, мектептер оқушыларға тегін болғанын қалайды. Министр Ерлан Кенжеғалиұлының бастамасына сәйкес, музейлерде сабақ өткізілетіндіктен музей білім беру саласының бір бөлшегіне айналды. Қазақстан заңдарына сәйкес, орта білім алуға кез келген азаматтың құқығы бар. Демек, музейге де белгілі бір уақытта орта білім алып жүрген әрібір азамат тегін кіруге құқылы. Ал, музейлер кәсіпорын немесе жекеменшік типтегі болғандықтан қызметтерін ақылы ұсынады. Себебі, музейлерде экскурсия жүргізетін мамандардың экскурсияларының ұзақтығы 45 минут, талап бойынша әрбір экскурсовод күніне 4 реттен артық экскурсия жүргізбейді. Олардың жүргізген экскурсиялары музей бюджетіне қаражат әкелетіндіктен әрбір музей оқушыларға тегін экскурсия жүргізгеннен гөрі, уақытын бағалап, басқа келушілерге ақылы экскурсия жүргізгенді жөн санайды. Яғни, экскурсоводтардың әрбір 45 минуты бағалы және оны тиімді пайдаланған жөн. Музей маркетологтары да тегін қызмет түрлерін қайырымдылық ретінде ғана жасауды ұсынады. Қайырымдылықтың күнде бола бермейтінін жақсы білеміз…

    Осыны түсінген Ерлан Кенжеғалиұлы жергілікті әкімдіктерге арнайы ұсыныс жасап, жергілікті атқарушы органның бюджеті есебінен музейлерге қызметақысын төлеу механизмдерін көрсетіп берді. Яғни, бұдан былай оқушылардың бекітілген кестеге сәйкес музейге кіру ақысын жергілікті бюджет музейлерге төлейді. Музейлер мен орта білім беру мекемелері келісім шартқа отырып, сабақ өткізу кестесін бекітеді, қызметақысына келіседі. Орта білім беру мекемелері бекітілген кестеге сәйкес, оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етеді. Музейлер болса, дәрежесі ғылыми қызметкерден төмен емес маманның қатысуымен экскурсия жүргізеді. Ең тиімдісі, музейлерде өткізілетін сабақтардың күнтізбелік жоспары мен сабақ жоспарын мектеп пен музей басшылары өзара келісу арқылы бекітеді. Осы арада байқасаңыз, музейлерге оқушылар экскурсия үшін ғана келмейді. Бұрынғы, дәстүрлі экскуриялардан артықшылығы ретінде айтатын болсақ, бұл сабақтар алдын ала жоспарланған, жоспары бекітілген, сабақтары белгілі бір тақырыптың аясында өтетін болады (сабақ өткізу мақсатында  үнемі бір музейге толық экскурсия жасай берген дұрыс емес. Мүмкіндігінше, экскурсиялар белгілі бір тақырыптарға ғана арналғаны дұрыс). Сабақтарды белгілі бір тақырып аясында өткізуде ҚР Тұңғыш Президенті музейі мен Ұлттық музей, Орталық музейлердің тәжірибесі бар екенін айта өту керек. Білім және ғылым министрінің бастамасында осы жағы да толық қамтылған.

    Министр Ерлан Кенжеғалиұлы Кеңес одағы тұсынан бастап дәстүр болып кеткен, мекемелер арасында өзара түсініспеушілік тудырып келген «тізіммен музейге бару» әдісін өркениетті жолға қойғанын жоғары бағалаймын. Министрдің бұл бастамасы алдағы уақытта Еуропа, АҚШ, Қытай мен Ресей елдеріндегідей өз жемісін берері сөзсіз.


     

    Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,

    KAZMUSEUM.KZ

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...