• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

    Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

    Жиын барысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

    Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін таяу және алыс шетелдерден келген әртүрлі этностың 587 өкілі біздің еліміздің азаматтарына айналады.

    – Қазақстан азаматы болуды қалайтындар саны жылдан жылға артып келеді. Аталған жайт Қазақстандағы азаматтық институттың халықаралық беделі артқандығын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің дамығандығын айғақтайды.

    Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған, ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан – 2050» стратегиясының жүйелі жүзеге асырылуының арқасында мүмкін болды.

    Біз жаңа қазақстандықтарға бақытты өмір тілейміз және енді олардың өз Отаны болып саналатын еліміздің игілігі жолында тиімді еңбек етулеріне ниеттестік білдіреміз. Еліміздің лайықты азаматтары болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуына олардың да өз үлесін қосатынына сенімдімін, – деді Мемлекеттік хатшы.

    Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


    ҚР президентінің ресми сайты

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Абаев: 2020 жылы Назарбаевтың сайлауға түсуінен Қазақстан ұтылмайды

    Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2020 жылы өтетін президенттік сайлау туралы өз ойын ...