• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » «Медеу» мұз айдыны Универсиада ойындарына дайын

    «Медеу» мұз айдыны Универсиада ойындарына дайын

    Алматыда өтетін Қысқы Универсиада ойындарының нысандары дүбірлі додаға дайын. Солардың бірі – «Медеу» мұз айдыны деп хабарлайды 24.кз.

    Қысқы спортқа арналған ең ірі кешеннің сыйымдылығы 8300 көрерменге шақталған. Медеудің ерекшелігі – шатқалдағы қолайлы климат пен таза тау суы.

    Мұз айдынының ауқымы 10,5 мың шаршы метр. Мұнда коньки тебу, хоккей және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткізуге болады.

    1972 жылдан бастап «Медеуде» 120 әлемдік рекорд орнатылған. Содан бері мұз айдыны «рекордтар ұстаханасы» деп те аталады.

    Күрделі жөндеуден өткеннен кейін VII қысқы Азия ойындарында мұз айдыны жаңа келбетке ие болды.

    Бүгінде «Медеу» Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін конькимен сырғанауда ең танымал орын.
    medeu

    medeu-t-ngi-k-rinis

    medeude

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Абаев: 2020 жылы Назарбаевтың сайлауға түсуінен Қазақстан ұтылмайды

    Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2020 жылы өтетін президенттік сайлау туралы өз ойын ...