• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » «Ұлы Шоқанның керуен жолы»

    «Ұлы Шоқанның керуен жолы»

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде И.Иманов пен О.Мазбаевтың «Ұлы Шоқанның керуен жолы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.  

    Кітап авторы, профессор Орденбек Мазбаев жаңа туынды жайлы өз пікірін білдірді.

    «Ұлы Шоқанның керуен жолы» деген кітап Шоқан жүріп өткен жолдармен экспедиция жасап қайтқан соң жазылды. Экспедиция Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына және Қашқар саяхатына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған болатын. Бұл жолғы экспедиция көлікпен де жаяу да жүріп, Шоқан жүрген жерлерді аралап шықты. Экспедиция құрамында ғалымдар мен Қазақ ұлттық географиялық қоғамдық бірлестігінің мүшелері болды» – деді О.Мазбаев.

    Кітап Қазақ ұлттық географиялық қоғамының 2014 жылғы 24 шілде және 5 тамыз аралығында ҚХР және Қырғызстан территориялары арқылы өткен  «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша»  атты алғашқы халықаралық экспедициясына арналған. Аталмыш экспедиция  соңғы сегіз жыл ішінде жүзеге асырылған «Шоқан жолдарымен» атты экспедициялар сериясының соңғы сапары болып саналады. Экспедицияға қатысушылар Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жерлерге (Қырғызстан, Жетісу, Құлжа) саяхат жасады.

     «Шоқан біз үшін құбылыс. Шоқан туралы бұған дейін де зерттелді. Қазір де жазылып жатыр. Бірақ ол аздық етеді. Мәселен Абай мен Шоқан кездесіпті деген сөз бар. Бірақ ол туралы ешкім зерттеген жоқ. Екінші мәселе, орыстар Пушкиннің әрбір күнінің қалай өткізгенін жазады. Бізде сол сияқты Шоқанның әрбір күнін қалай өткізгенін жайлы жазуымыз қажет», – деді ҚР мәдениет қайраткері, прфессор, Бақытжан Тобаяқов.

    Кітап қазақтың ұлы ғалымы және ағартушысы – Ш.Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына орайластырылып шығарылды. Экспедиция мүшелерінің жеке және тікелей саяхат барысында алған әсерлері негізінде жазылған еңбек жалпы көпшілік оқырманға арналған.


    KAZMUSEUM.KZ

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы облысында 8 жасар баланы азаптап өлтірді делінген келіншекке үкім шықты

    Сот тәрбиешіні кінәлі деп тауып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Одан қалды, Мейіргүл Жалымова ...