• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Елбасы Конститутцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

    Елбасы Конститутцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-шыбабына қатысты ұсыныс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    «Жұмыс тобының отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26 бабын бұрынғы редакциясында қалдыруды ұсынды»

    Еске салайық, ҚР Конституциясының 26-бабында “Қазақстан азаматтары” деген сөздің орнына “Әркім” деген сөзді қою ұсынылған еді.

    Кейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына түзетулер жобасы бойынша түсіндірме берген болатын.

    “Бұл жерде “әркім” деп Қазақстанның азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар деп түсінуге тиіспіз. Неге біз еліміздің резиденті емес адамның немесе азаматтығы жоқ адамның мүлкінің сақталуын қамтамасыз етпеуіміз керек? Мәселен, оның көлігі, киімі, компьютері бар. Мұның бәрі сол адамның мүлкі болып саналады. Одан басқа, шетелдік азаматтар мұнда инвестиция әкеледі, ол да мүлік. Келген инвестиция қорғалуы керек, оны Конституциямен сақтандырылуын қамтамасыз етілуі керек”, – деп атап өткен еді ол.

    Ал қазақстандықтар болса, бұл бапты шетел азаматтары пайдаланып,  жерді жекеменшікке сатып алады деген алаңдаушылығын білдірген.


    «Адырна» кз

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...