• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Головкин қапшық қарсыласын екінші раудта құлатты (ВИДЕО)

    Головкин қапшық қарсыласын екінші раудта құлатты (ВИДЕО)

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мамырдың 5-інде (Астана уақыты бойынша жексенбі күні таңертең) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен кездесудің екінші раундында америкалық Ванес Мартиросянды нокаутпен жеңді.

    Оқи отырыңыз: Головкин Мартиросянды екінші раундта құлатты

    Бұл 36 жастағы Головкиннің кәсіпқой бокстағы 38-жеңісі (34 кездесуін нокаутпен ұтқан). Осымен 39 рет жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы бұның алдында 2017 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен тең түскен болатын.

    32 жастағы Мартиросян осымен кәсіпқой бокстағы 41 кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңілді. Ол 36 кездесуде жеңіп, бір жекпе-жекті тең аяқтаған.

    Головкин бүгінгі кездесу нәтижесінде WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Қазақстандық боксшы — IBF тұжырымы бойынша да әлем чемпионы. Бірақ IBF (Халықаралық бокс федерациясы) бұл жекпе-жекке санкция салып, Головкинге IBF белбеуін қорғауға рұқсат бермеген. Ұйым Головкин IBF белбеуін қорғау үшін украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуі тиіс деп санайды.

    ____________________________________________________________________________________________________________________

    azattyq.org

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...