• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Елдегі жұмыссыздық осындай қайғыға әкеледі — Мирзиеев

    Елдегі жұмыссыздық осындай қайғыға әкеледі — Мирзиеев

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ақтөбедегі қайғылы оқиғаны  халықты жұмыспен қамту жағдайының жоқтығымен байланыстырды. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

    Өзбекстан президенті жұма күні Сұрхандария облысына жасаған жұмыс сапарында Хәкім Термезидің кесенесінде болып, қайтыс болғандардың рухына құран бағыштады. Оның кесенені аралаған сәті түсірілген виедоны ел басшысының баспасөз қызметі Telegram-арнасында жариялады.

    «Болған қайғылы оқиға бірнеше шаруаны тындыру керектігін білдіреді. Атап айтқанда, біздің халық алдында қарызымыз көп. Адамдарға жұмыс орнын тауып бермеген соң, олар басқа елден іздеуге мәжбүр», — деді Мирзиеев.

    Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай 18 қаңтарда Самара-Шымкент трассасының Ақтөбе облысының аумағында (облыс орталығынан 320 км қашықтықта) аталған елдің 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар көлігі өртенген еді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріп, 52 адам қайтыс болған.

    Осы оқиғаға байланысты ҚР президенті Н.Назарбаев ӨР президенті Ш.Мирзиеевке көңіл айту жеделхатын жіберген болатын.


    «Адырна» ақпарат

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...