• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Еліміздегі әрбір 9-шы сәби Алматыда дүниеге келеді

    Еліміздегі әрбір 9-шы сәби Алматыда дүниеге келеді

     Елімізде өмірге келетін әрбір 9-шы сәбидің кіндігі Алматы перзентханаларында кесіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы кеңейтілген алқа кеңесі отырысының қорытындысында баяндалды.

    Алматы — еліміздегі халық көп шоғырланған алып шаһар.  2016 жылы 43 мың нәресте туса, оның 5-еуі үшем, 532-сі — егіздер. Яғни, Алматы  перзентханаларында тәулігіне 100-ден астам ана бөбегін бауырына басады.

    Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Алматыда қызмет көрсету нарығында бәсекеге қабілеттілікті дәлелдей алған қаланың денсаулық сақтау саласында инновациялық даму қарқыны тұрақты артып келеді.

    «Қала емханаларында медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін және пациенттерге барынша қолайлы жағдай туғызатын 15 бағдарламалық инновациялық технологиялар мен электрондық шешімдер  («Электронды тіркеу», «Сырқаттану парағы», «Флюоротека», «Иммундық профилактика», «Ақпараттық дүңгіршектер», «Басшы кейсі», Қалалық глаукома орталығының бағдарламалық модулі және т.б) қызмет атқарады.

    Айта кетейік, 2016 жылы Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық»  мемлекеттік бағдарламасы мен Алматы қаласының әкімдігі бекіткен Өңірлік іс-шаралар жоспарын іске асыруды бастады.

    Денсаулық басқармасының хабарлауынша, жыл ішінде медициналық көмек көрсетудің негізгі индикаторларының жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізді. «Қала тұрғындарының туу көрсеткіші 18%-ға өсті (1000 адамға шаққанда 1991 жылы 15,8-ден 2015 жылы 17,52-ге дейін), Қазақстан Республикасы бойынша 8,2%-ға өсті; жалпы өлім көрсеткіші 28%-ға (1000 адамға шаққанда 8,6-дан 6,34-ке дейін), Қазақстан Республикасы бойынша 6%-ға төмендеді, халықтың табиғи өсімі 2 есеге дейін артты (1000 адамға шаққанда 7,2-ден  11,41-ге дейін),  Қазақстан Республикасы бойынша 17%-ға артты, ана өлімі 33 есеге (100 мың тірі туғанға шаққанда 78,4-тен 2,4-ке дейін), Қазақстан Республикасы бойынша  5,4 есеге төмендеді, нәресте өлімі 3,2 есеге (100 мың тірі туғанға шаққанда 22,9-дан 7,2-ге дейін), Қазақстан Республикасы бойынша 3 есеге төмендеді.

    Қала тұрғындарының қан айналымы жүйесінен болатын өлімі 3,2 есеге дейін (100 мың адамға шаққанда 443,5-тен 139,5-ке дейін), Қазақстан Республикасы бойынша 1,9-ға дейін төмендеді, қатерлі ісіктен болатын өлім көрсеткіші 45%-ға (100 мың адамға шаққанда 171,0-нан 94,3-ке дейін), Қазақстан Республикасы бойынша 33%-ға төмендеді. Жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім  47%-ға (100 мың адамға шаққанда 100,5-тен 53,4-ке дейін), Қазақстан Республикасы бойынша 23%-ға төмендеді. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 5,2 жылға өсті (70 жастан 75,2 жасқа дейін), Қазақстан Республикасы бойынша 4,4 жылға (67,6-дан 72 жасқа дейін) өсті.

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Защитницу хакасской культуры обвинили в экстремизме

    Суд в Абакане рассмотрит уголовное дело в отношении жительницы Хакасии. Женщина разместила на личной странице ...